Ақмола облысында «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен өткен «Шаңырақ» креативті хабы өз мәресіне жетіп, үздік қатысушылар анықталды.
Байқауға Instagram, TikTok және YouTube платформаларында белсенді контент жасап жүрген мобилографтар мен блогерлер қатысып, өздерінің ең креативті жұмыстарын ұсынды.
Жобаның мақсаты – жастардың шығармашылық әлеуетін дамыту және қоғамдық келісім мен Қазақстан халқының бірлігі тақырыбында сапалы медиа-контент жасау.
Байқау қорытындысы бойынша:
І орын — Гүлнұр Арапбай
ІІ орын — Нұрғасыр Әбдісерікұлы
ІІІ орын — Дамир Баймұрзин
Ынталандыру сыйлығына Досбол Әбетай лайық деп танылды.
«Шаңырақ» креативті хабы талантты жастарды біріктіріп, жаңа есімдердің танылуына мүмкіндік берді.








