-13.7 C
Kokshetau
Басты бетЖаңалықтарҚұқықтық сауаттылықты арттыру және заң көмегінің қолжетімділігі

Құқықтық сауаттылықты арттыру және заң көмегінің қолжетімділігі

Сондай-ақ, оқыңыз...

Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында Әділет министрлігі тұрақты негізде халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Мәселен, 2024 жылы «Халық заңгері», «Әділет кеңес береді», «Ашық есік күні», «Тегін заң көмегі күндері» акциялары іске қосылды. Өткен жылы республиканың барлық өңірлерінде жалпы саны 100 000  астам адамды қамтитын 1 310 консультативтік-түсіндіру іс-шаралары өткізілді.

Ауылдық елді мекендер тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында 2000-ға жуық «Құқық кабинеттері» ашылды, олар аудандық, ауылдық клубтардың ғимараттарында, демалыс орталықтарында және т. б. «Egov» бұрыштарының базасында жұмыс істейді. Кабинеттерде қолданыстағы нормативтік құқықтық актілермен танысу үшін «Әділет» АҚЖ, «Заң» ДБ қолжетімділігімен, сондай-ақ ақпараттық жүйелерге (e-otinish, «Ашық НҚА» порталы және т.б.) қолжетімділігімен толық техникалық жабдықталған.

 «E-ZanKomegi» заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі іске қосылды, ол eup.kz. сайтында онлайн режимде заң қызметтерін ұсынуға және алуға арналған. Сондай-ақ, «Zan Komegi» мобильді қосымшасы қазір қолжетімді, оның шеңберінде азаматтар өздерін қызықтыратын құқықтық сұрақтарға бейне қоңырау арқылы жауап ала алады. Жүйе 2000-ға жуық адвокаттар мен заң кеңесшілерінің қатысуымен азаматтардың білікті заң көмегіне қол жеткізуін қамтамасыз етуге және жеңілдетуге бағытталған.

Бұдан басқа, «Е-нотариат» бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйесі жұмыс істейді, ол бейнеқоңырау арқылы онлайн режимде мүлікті басқаруға қатысты сенімхаттарды қоспағанда, сенімхаттар мен ерлі-зайыптылардың келісімдерінің барлық түрлерін алуға мүмкіндік береді.

Бұдан бөлек, заңсыз әрекеттерді болдырмау мақсатында клиенттерді биометриялық сәйкестендіру қолданылады, өтініштерге қол қою кезінде QR-қол қою сервисі пайдаланылады, қызмет нәтижелері 24/7 режимінде EgovMobile «Цифрлық құжаттар» сервисінде қолжетімді. Осылайша, осы қызметтің арқасында Қазақстан азаматтары нотариусқа бармай-ақ 200 мыңға жуық сенімхат пен ерлі-зайыптылардың 70 мың келісімін заңды түрде ресімдей алды. Ақмола облысы бойынша нотариусқа бармай-ақ 6000-ға жуық сенімхат пен ерлі-зайыптылардың 1300  келісімін ресімдей алды.

Тағы бір маңызды жетістік – «Сот орындаушысы роботын» енгізу болып табылады. Мәселен, 20 АЕК-ке дейінгі әкімшілік айыппұлдар уақытылы төленбеген жағдайда уәкілетті орган мәліметтерді ЖСО қатысуынсыз іс жүргізуді қозғайтын Робот сот орындаушысына береді. Іс қозғалғаннан кейін азаматтар іс туралы егжей-тегжейлі ақпараты бар EGov Mobile-да 1414-тен SMS хабарлама және push-хабарлама алады, сол арқылы азаматтар айыппұл сомасының 25% — от қосымша төлеуден және сот орындаушысына барудан босатылады, өйткені барлық әрекеттер онлайн режимінде жүргізіледі.

Цифрлық сот орындаушысы іске қосылған сәттен бастап бүгінгі күнге дейін 2,2 млрд.теңге сомасын құрайтын 109 мыңнан астам атқарушылық іс қозғалды. Үнемдеу сомасы азаматтардың пайдасына 550 млн. теңгені құрады.

Ақмола облысы бойынша 327 941 466 теңге сомасына 16 999 жеңілдетілген атқарушылық іс жүргізу қозғалды, оның ішінде 63 568 646 теңге сомасына 3 378 атқарушылық іс жүргізу аяқталды.
Облыс тұрғындары жеке сот орындаушыларының қызметіне ақы төлеуді болдырмау есебінен 81 985 367 теңге үнемдеді.

2025 жылы адамдардың өмірін цифрлық дәуірде жеңілдету және ыңғайлы ету, сондай-ақ уақыт пен ақшаны үнемдеу үшін әділет органдарының жұмысын жақсарту жоспарлануда. Негізгі өзгерістер:

  • ЖИ – «Әйтеке» көмекшісі-қарапайым заңгерлік консультациялар мен құжаттарды жинауға көмектесу үшін чат-бот.
  • Робот-сот орындаушысының құзыреті кеңейіп, ол айналысатын берешек мөлшерінің шегі 20-дан 40 АЕК-ке дейін өседі, бұл азаматтарды жылына 12,2 млрд теңгеге дейін үнемдейді.

Бұл құралдар тәуліктің кез келген уақытында пайдалануға мүмкіндік бере отырып, қарапайымдылығымен, жеделдігімен және қолжетімділігімен ерекшеленетін болады.

Қабылданған шаралар азаматтардың құқықтық сауаттылық жөніндегі санасын нығайтуға және олардың құқықтары мен міндеттерін түсінуді жақсартуға ықпал етеді. Қызметтерді оңайлату жөніндегі жұмыстардың нәтижесінде қазақстандықтар уақыт пен ақшаны үнемдейді, осы қызметтерді алуда қолжетімділік пен ыңғайлылық артады, сондай-ақ әкімшілік кедергілер азаяды, бұл процесті неғұрлым ашық және тиімді етеді.

 

 

 Баукен Әлмеш,

Ақмола облысы әділет департаментінің

басшысы

 

 

spot_img
spot_img
Мәселе
spot_img
Барлық мақалалар

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз