1.2 C
Kokshetau
Басты бетЖаңалықтарТастыөзектегі мәселе: халық биліктен үміт үзді, енді Президентке жүгінді

Тастыөзектегі мәселе: халық биліктен үміт үзді, енді Президентке жүгінді

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ақмола облысындағы шағын ғана Тастыөзек ауылы – қазақтың айбыны мен күші саналатын Балуан Шолақтың туған жері. Бірақ бүгін бұл ауылда рух та, үміт те сөніп бара жатқандай, деп хабарлайды Esilnews.kz тілшісі.

Сонау ұлттың мақтанышына айналған тұлғаны тудырған өлке бүгінде қараусыз, қамқорсыз қалды. Жергілікті тұрғындар амалсыздан Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа тікелей үндеу жолдап отыр. Себебі ауыл адамдары өз мәселесін жергілікті деңгейде шешудің барлық жолын сарқып болған.

«Аудан мен облыс әкімдігі тек қағаз жүзінде жауап береді. Ал іс жүзінде ештеңе өзгермейді», – дейді тұрғындар.

Тастыөзекте дәрігер жоқ. Дәрі-дәрмек іздеген халық көрші ауылдарға сабылады. Ауыл ішімен жүрудің өзі сынақ: жол – ойдым-ойдым, әр жаңбырдан кейін батпаққа айналады. Электр жарығы жиі өшіп, ауызсу кейде апталап келмей қалады.

Бірақ ең үлкен қауіп — су тапшылығы. Бұрын тіршіліктің көзі болған тоған биылғы көктемде жарылып, кейіннен мүлде құрғап кеткен. Сол сәттен бастап ауыл шөлге айнала бастаған.

«Біз орманды жерде тұрамыз. Қазір кішкентай ұшқын шықса да, өртті сөндіруге су таппаймыз. Барымыздан айрылып қаламыз ба деп қорқамыз», – дейді ауыл тұрғындары.

Жергілікті билік жағдайды бақылауда ұстап отырмыз деп мәлімдейді. Бірақ ауыл адамдары ол «бақылау» тек қағаз жүзінде екенін айтады.

Ал Тастыөзек тұрғындарына бүгін тек уәде емес, нақты іс керек. Өйткені бұл ауыл — жай ғана елдімекен емес, қазақ рухының бір бөлігі.

Балуан Шолақтың туған жері оттан емес, немқұрайдылықтан күйіп барады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Жарықсыз, жолсыз, қоқысқа көмілген Ақсуат: Президент уәдесі қашан орындалады?» тақырыбымен мақала жариялаған едік.

Сонымен бірге, ««Маскасыз көшеге шығу мүмкін емес»: Степняк тұрғындары сасық иістен әбден титықтады» тақырыбымен мақала жарық көрді.

spot_imgspot_img
- Жарнама -spot_img
Мәселе
- Жарнама -spot_img
Бүкіл мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз