Басты бетӨзектіҮгіт-насихат науқаны басталмай жатып, медианарық кім-көрінгенге бөлініп қойған ба?

Үгіт-насихат науқаны басталмай жатып, медианарық кім-көрінгенге бөлініп қойған ба?

Сондай-ақ, оқыңыз...

Үгіт-насихат науқаны жақындаған сайын өңірлік бұқаралық ақпарат құралдары арасындағы бәсекелестік те күшейе түсті. Әсіресе, саяси партиялардың облыстық филиалдарымен келісімшарт жасау мәселесінде түрлі жағдайлар байқалады.

Кейбір партия филиалдарының басшылары үгіт материалдарын орналастыру үшін ақпараттық алаң таңдағанда, ең алдымен жеке таныстыққа, қалыптасқан байланыстарға және өздеріне ыңғайлы ақпарат құралдарына басымдық беретіндей көрінеді. Ал сол медиаресурстың нақты мүмкіндігі, бірегей келушілер саны, жазылушылары, жарияланымдарының қаралымы мен аудиториясының ауқымы қаншалықты ескерілетіні белгісіз.

Соның салдарынан тұрақты оқырманы, кең аудиториясы және нақты статистикалық көрсеткіштері бар жергілікті ақпарат құралдары назардан тыс қалып жатады. Ал оқырманы мен ықпалы күмән тудыратын кейбір алаңдармен келісімшарт жасауға асығатындар бар.

Сонда ақпарат құралының сапасы мен аудиториясын бағалайтын көрсеткіштер не үшін қажет? Егер таңдау кезінде нақты статистикадан гөрі жеке таныстық пен өзара келісім маңыздырақ болса, оның мәні неде?

Үгіт-насихат науқаны дегеніміз — есеп үшін бірнеше материал жариялап, келісімшартты орындаумен шектелетін жұмыс емес. Оның негізгі мақсаты — ақпаратты барынша көп сайлаушыға жеткізу. Демек, партия филиалдары медианы таңдағанда тек баға мен жеке байланысқа емес, ақпарат құралының нақты мүмкіндігіне, аудиториясының ауқымы мен жарияланымдарының тиімділігіне де назар аударуы керек.

Әзірге кейбір партия филиалдары үшін ең бастысы келісімшартқа қол қойып, ақпараттық сүйемелдеу мәселесін жауып тастау ғана сияқты әсер қалдырады. Тіпті үгіт-насихат науқанының нәтижесі алдын ала белгілі болып қойғандай, тек науқанды өткізіп шығу міндеті қалғандай көрінеді.

Бірақ оқырманы көп жергілікті БАҚ-ты елемеу — өңір аудиториясының мүмкіндігін де ескермеу деген сөз.

Осы орайда облыстық партия филиалдарының басшыларына бір сауал: үгіт-насихат материалдарын орналастыратын ақпарат құралдарын қандай нақты өлшемдер бойынша таңдайсыздар? Бірегей келушілер саны, жазылушылар мен жарияланымдардың қаралымы ескеріле ме, әлде жеке таныстық пен қолайлылық алдыңғы орынға шыға ма?

spot_imgspot_img
- Жарнама -spot_img
Мәселе
- Жарнама -spot_img
Бүкіл мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз