Басты бетШежіреТарихымыздағы ақтаңдақтардан арылатын кез келді

Тарихымыздағы ақтаңдақтардан арылатын кез келді

Сондай-ақ, оқыңыз...

«Біздің тарих ол-дағы қалың тарих, оқулығы жұп-жұқа бірақ-тағы» деп ақын Қадыр Мырза Әлі жырлағандай, кеңес заманында қазақ тарихы мүлдем дерлік оқытылмады. Оқытылған тарихтың өзі бұрмаланған, ұлы тұлғалары мен биік мәдениеті, ғылым-білімі назардан тыс қалып, мал баққан көшпелі жабайы халық деңгейіне дейін түсірілген еді. Кеңес заманында білім алған біздер КСРО тарихы деп аталатын, бірақ бастан-аяқ орыс ұлтының тарихын қазбалайтын оқулықты оқыдық.

Ресей патшасы Екатерина «қазақ өз тарихын білсе, әлемді билейді» деп айтыпты деген сөз бар. Татардың ұлы ақыны Мұса Жәлел былай депті: «Әр ұлт өз жетістігін айтып мақтанады және ұлымыз деп санайды, бірақ мына нәрсе айқын: қанша өзін өзі мадақтағанмен, қазақтан ешкім де асып кете алмайды». Егер осы айтылған сөздердің түпкі  мәніне тереңірек үңіліп, ақыл таразысына салып байқар болсақ, оның астарында ащы шындық жатқанын аңғарар едік.

Ресей империясы, одан кейінгі КСРО заманында қазақ тарихы барынша бұрмаланды және қазақ халқының өзін үнемі басып-жаншу, еңселерін көтертпей, рухын өлтіру жұмыстары мақсатты түрде жүргізілді. Патшалық ресейдің жымысқы саясаты ақырындап қазақ даласын отарлап, қазақтарды құнарсыз шет аймақтарға ығыстыру, құнарлы жерлерге орыс мұжықтарын қоныстандыру үнемі жүргізіліп отырды. Қазақтарды күштеп шоқындыру әрекеті де жасалған, бірақ Науан хазірет сияқты көкірек көзі ашық азаматтардың қатты қарсылығына тап болып, содан кейін бұл әрекеттен бас тартуға мәжбүр болған.

Кеңес заманында да қазақты басып-жаншу саясаты одан әрі жүргізілді. Алғашында ресейлік империя, кейінірек совет ғалымдарының атсалысуымен Шыңғыс ханды сол тұста халха аталатын саны аз халыққа теліп, оларды монғол деп атау қалыптасты. Өйткені, қытай тілінде сақталған Шыңғыс хан туралы жазылған Монғолдың құпия шежіресі дерегінде ол шыққан халық монғол атанғандықтан, халха ұлты монғол деп аталып, Шыңғыс хан сол ұлттан шықты деген түсінік қалыптастырылды. Орыс ғалымдарының бұл түсінігі содан кейін барша әлемге таралып, Шыңғыс хан ресми түрде монғол атанды.

Осылайша, жарты әлемді жаулап алған Шыңғыс хан мен ол құрған империяның негізін қалаушы қазақ тайпалары ескерусіз қалды. Шыңғыс ханның барлық жеңістері мен жетістіктері ойдан шығарылған жасанды монғол атанған халыққа телінді. Кеңестік ғалымдар монғолдарды жаулап алушы қатыгез жауыз етіп көрсетіп, олардың негізгі әскерін қазақ тайпалары құрғандығына қарамастан, қазақтарды да жауыз жаулап алушылардан жапа  шегуші халық деген түсінікті санаға сіңірді. Кеңес заманында шыққан «Отырар ойраны» фильмі сол кеңестік ғалымдардың ұстанымы негізінде түсірілген еді.

Таяуда Астанада өткен «Алтын Орда — дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» халықаралық симпозиумында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жасаған баяндамасында бұрмаланған қазақ тарихын қалпына келтіру, ақиқатты айту арқылы тамыры терең қазақ тарихына деген көзқарасты өзгерту жайында келелі ойлар қозғалды. Қазақстан ресми түрде Алтын Орданың мұрагеріміз деп жариялап, Жошы ұлысының тарихына арналған деректі фильмдер түсіріле бастады. Осылайша, бір кезде заңсыз бұрмаланған қазақ тарихының шындығы қалпына келтірілуде.

Елге аты танымал бір ғалым ағамыз «Жәрайды, Шыңғыс ханды қазақ деп дәлелдедік делік, одан не өзгереді, Марста алма гүлдей ме, немесе басқа бір игіліктер бола ма» дегенді айтты. Шыңғыс ханның қазақтығы дәлелденсе, Марста алма гүлдемес, бірақ та ресей империясының озбыр саясатының салдарынан ұлттық рухы әлсіреген қазақ халқының рухы оянып, бұрмаланған тарихымыздағы ақиқаттар қайта қалпына келтірілетін болады. Ал гүлденген өркениетті рухы мықты ұлт қана жасай алады.

Әлемнің жиырмадан астам елінен өкілдер қатысқан Астанада өткен халықаралық симпозиумда сол дәуірде әлем өркениетінде үлкен орын алған Алтын Орда империясын құрушы негізгі тайпалардың бәрі қазақ ұлтының құрамына енген тайпалар екендігі, сол кезең тарихын зерттеу жұмыстарын қазақ мемлекеті ұйымдастырып, жүргізуге дайын екендігі айтылды.

Бір кезде заңсыз бұрмаланған тарихындағы ақтаңдақтарды қалпына келтіру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар, әсіресе таяудағы Астанада өткен халықаралық симпозиумға қатысты іргелес Ресейдің БАҚ өкілдері мен блогерлері тарапынан теріс пікірлер көптеп айтылуда. Өткен жылдары Қазақстан тарихын жазуға Ресейдің ғалымдары қатыстырылуы керек деген ұсыныс айтқан көрші мемлекеттің ұстанып отырған саясаты сол бұрыңғы импершілдік, одан кейінгі кеңестік ұстанымға бағытталғаны көкірек көзі ашық әрбір жанға түсінікті. Бірақ та, қазір мына жайды ескерген жөн: Қазақстан тәуелсіз мемлекет және өз елінің өткен трихына қатысты бұрмаланған ақиқаттарды, шынайы тарихи шындықты  қалпына келтіруге құқылы. Кремль кеңес заманындағыдай біздің тарихымызды қалай жазуымызға нұсқау бере алмайды.

«Инені қапқа салып жасыра алмайсың» деген сөз бар. Сол сияқты тарихи шындықты бұрмалау, халықтың санасына басқа түсінікті сіңіру белгілі бір уақыт аралығында мүмкін болар, дегенмен де, түптің түбіндет шындық ашылмай қоймайды. Қазақ тарихы да ұлттық рухты өлтіру үшін қасақана бұрмаланған ақтаңдақтарды жойып,   ақиқатты қайта ашу кезеңіне келген сияқты.

 

Қалкөз Жүсіп.

 

 

 

 

spot_imgspot_img
- Жарнама -spot_img
Мәселе
- Жарнама -spot_img
Бүкіл мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз