spot_img
spot_img
13.8 C
Kokshetau

Ресейдегі «Крокус Сити Холл» -дегі терактің артында кім тұр?

Осы үндемей отырғың келеді, бірақ Қазақстан айналасанда қалыптасып жатқан жағдай оған мүмкіндік бермейді.32 жыл ішінде елді жарыққа сүйреудің орнына ортағасырлық қараңғылыққа сүйреп жас балалардан бастап, тепсе темір үзетін жігіттерімізді фанат -діншілдерге айналдырып мешіттерге тығып тастауға жол бергеніміз қалай?

Қанды қаңтардағы қантөгіс ортасында осы діншіл сақалдылар жүрді. Арты шыдамайтынын іштен білген Бекболаттар Түркияға бас сауғалады емес пе? Жуырда АҚШ барлау қызметі Ресейде теракт болады деп хабарлап,ескертті.

Артынша, Калуганың қайдағы жоқ деревнясынан екі қазақ – исламшы террористің көзін құрту операциясын ФСБ жүргізіп тастады. Сол құрбан болған жігіттер кімдер екендігі әлі күнге анықталмады… Соған қарағанда Ресей құйтырқы ойын жасап жатқан тәрізді.

Енді міне Крокустағы терактіден кімнің ізін табар екен? Украин, шешен, қазақ, қайсысы? Анығы ол тізімде біз бармыз. Осы жолы айыптай қоймас, алайда, болашақта оның мүмкіндігі өлшеусіз артып отыр.

Президент Қ.Тоқаевтың Атырауда осы біздің елдегі қазақтық дәстүрге жат исламшылдарға ерекше тоқталғанын дұрыс деп есептеймін.

Бізде дін исламды жете зерттеп жүрген ғалымдарымыз көп. Осылардың эксперттік пікірін тыңдасақ біздің мүфтиатқа түбегейлі реформа керек.

Салафиттерді қатаң түрде бір кездегі Хизб – ут Тахрир, Таблиғтарға салған тиымдарды енгізіп,олардың ел ішіндегі фитна жік салып отырған қызметін тоқтату керек. Ол үшін олардың билік орындарында әлі отырған лоббиларын тазалап тастау шарт. Онысыз түк те өнбейді.

Қазақстан Ауғаныстанға айналмауы керек,соғыс пен жанжалдан көз ашпайтын. Өз тіліңде,дәстүр -салтыңда ұрпағыңды тәрбиеле, қазіргі өркениет бастауларынан сусындат, арабтың,орыстың,қытайдың жолы емес, Алаштың ақ жолымен жүрейік ағайын! Ата -бабаң Ұлық Орда иесі болғанын ұмытпайық. Еңсе тіктейтін кез келді…

Ғалымтай Төлепберген, тарихшы-ғалым, Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің аға оқытушысы.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

spot_img