Болжап білуге болмайтын АҚШ Президентінің іс — әрекеттерінен кейін Қазақстан басшылығы да, халқы да мықтап ойлануға тура келіп тұр. Бұрын алдағы күні не айтып, не істеп қоятынын білеуге болмайтын Ресей басшысы болса, енді ондай әлемде екеу болды.
Біздің ата-бабаларымыз осыншама жерді батырлығы мен күштілігінің арқасында ие болған кезінде. Қалай бытырап, әлсіз елге айналдық солай біздің ел мен жерді ту-талақайын шығарып көршілеріміз бөлісіп алды емес пе? Құдайдың қалауымен 1991 жылы миллиондардың қанын ішкен империя құлап, еліміз кездейсоқ тәуелсіз ел атанды.
Біз осы мүмкіндікті дұрыс ретімен толық пайдаландық па? Тәуелсіздіктің кепілі біз үшін не? Әрине, еліміздің қарышты экономикалық даму жолына әзірге түсіре алмадық. Соның салдарынан ел ресурсын ең алдымен туған халқымыздың игілігіне айналдыру деңгейі төмен жағдайда қалып отыр.
Тап іргемізде үлкен қырғын-соғыс жүріп жатыр. Одан мандытып сабақ алып отырған Қазақстан көрінбейді. Әскери бюджет 1,5 $ млрд айналасында ғана. Территориялық әскер деді. Оның өзінің саны аз, материалдық қамтылуы белгісіз. 9,500 млн халқы бар Израильде 170 мыңдық армия бар. Оның сыртында 380 мың резервистері бар.
Өткен жылы Газа секторанда соғыс басталғанда олар армия санын 500 мыңға бірақ жеткізді. Олардың қарулы күштері әрқайсында 80-90 млн халқы бар Мысыр немесе Ираннан басым болмаса, кем емес. Әскери бюджеті жылына 23,4 млрд АҚШ долларын құрайды. Ол ішкі жалпы өнімнің 5,3 пайызды құрайды. Израиль армиясы жоғарғы технологиялы осы заманғы әскер.
Қазақстан кемінде қазіргіден 5 есе әскери бюджетін көбейткен кезде жағдай оңға басады. Әскерге зор мотивация керек. Ол үшін офицерлер мен сарбаздар жағдайын түбегейлі өзгерту талап етіледі. Әскери қызмет жоғары престижді абыройлы қызмет дәрежесіне көтерудің барлық шаралары жасалмаса жағдай оңалмасы анық.
Айналаң дүрбелеңге толы, жайсыз көршің бар, ал сен әлі бейғамсың. Қорғаныстан ешқандай қаражат аяуға болмайды. Себебі, ол елімізді аман сақтаудың, жұртымызға бейбіт заман қамтамасыз етудің жалғыз жолы.
Ғалымтай Төлепберген, тарихшы-ғалым, Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің аға оқытушысы.