spot_img
-11.1 C
Kokshetau
HomeХалық және билікБурабай ауданының прокуратурасы коммуналдық қызметтерге тарифтің төмендеуіне қол жеткізді

Бурабай ауданының прокуратурасы коммуналдық қызметтерге тарифтің төмендеуіне қол жеткізді

- Advertisement -spot_img

Бүгінгі таңда қадағалау қызметінің басым бағыттарының бірі азаматтар мен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау болып табылады.

Осы жұмыс аясында Бурабай ауданы прокуратурасының қызметкерлері тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға және көмуге арналған тарифті қалыптастыру кезіндегі заңнаманың бұзылуын анықтады.

Мәселен, қадағалау ведомствосы электр және жылу энергиясы, ғимараттар мен құрылыстарды ұстау, сондай-ақ амортизацияға арналған шығындарды тарифтік сметасына негізсіз енгізу фактілерін анықтады.

Аталған бұзушылықтар бойынша прокуратурамен прокурорлық қадағалау актісі енгізілді.

Нәтижесінде абаттандырылған үйде тұратын бір тұрғынға тарифтің құны 37,70 теңгеге (ҚҚС қоспағанда 1м3 үшін 420 ден 382,30 тг.), ал абаттандырылмаған үйлер үшін 40,91 теңгеге (ҚҚС қоспағанда 1м3 үшін 455,85 ден 414,94 тг.) төмендетілді. Кінәлі лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылды.

Осылайша, 10 173 тутынушының, оның ішінде 183 заңды тұлғалардың мүдделері қорғалды.

Ақмола облысының прокуратурасы.

- Advertisement -spot_img
- Advertisement -spot_img
Stay Connected
16,985FansLike
2,458FollowersFollow
61,453SubscribersSubscribe
Must Read
- Advertisement -spot_img
Related News
- Advertisement -spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here