Көкшетауда Қазақстан халқының бірлігі күні «Бірлік өрнегі» атты облыстық сәндік-қолданбалы өнер көрмесі ұйымдастырылды. Шараға өңірдің түкпір-түкпірінен келген шеберлер қатысып, ұлттық нақыштағы бұйымдарын көпшілікке ұсынды.
Көрменің басты мақсаты – этностар арасындағы татулықты нығайтып, ұлттық өнерді насихаттау. Қонақтар киіз, ағаш, зергерлік және басқа да бағыттағы қолөнер туындыларымен танысты.
Сәндік-қолданбалы өнер шеберлері Одағының төрағасы Гүлбара Нұрқанованың айтуынша, мұндай көрмелер шеберлердің тәжірибе алмасуына және жас ұрпаққа ұлттық құндылықтарды дәріптеуге жол ашады.
Айта кетейік, көрме қаладағы мерекелік іс-шаралардың маңызды бөлігіне айналды.







