10.2 C
Kokshetau
Четверг, 3 октября, 2024
10.2 C
Kokshetau
ПікірБектеновтың үкіметі емтиханды тапсыра алмады

Бектеновтың үкіметі емтиханды тапсыра алмады

Бөлісу

Сондай-ақ, оқыңыз...

Осы тасқын мен топанның болатынын білмеді емес, білді ғой, бірақ селт етпейміз бақпай отыра берді. Көктемгі су тасқыны деген бетін аулақ қылсын әрине, болжауы қиын жер сілкінісі емес қой. Жауған қардың, жауын — шашынның бәрінің дерегі қолдарында бірақ, бір ғажабы ешкім қыймылдамайды. Кейде ойлайсың осы апатты тілеп отыратындар бар ма деп.

Өйткені аласапыранда, айқай-шуда жемқорлыққа қолайлы атмосфера туындайды. Бюджеттен қомақты миллярдтар бөлінеді. Ол бізде адресатпен бөлінуі күмәнді. Жемқорларға заңды түрде ақша шешіп алудың керемет мүмкіндігі туады. Тендермен үй салынса ол сапасыз салынады, арзан қол, сапасыз материалдардан қалана салады. Оны болдырмаудың тура жолы көмек атаулы, электронды болуы керек. Жемқорлардың кабинеті мен машиналарына бір — бір сергек орнатылып, нәтижесі Парламентте, мәсилихатта сұралсын.

Бектеновтың үкіметі емтиханды тапсыра алмады, бұл басқару мемлекетті орынсыз зор қаржылай, материалдық шығындарға ұшыратты. Шығынның бір бөлігін сол министрлерден өндіріп алу керек.

Ел басқару деген жер ол пайда табатын жер емес, елге қызмет ететін ауыр,жауапты жұмыс екенін кез келген адам білуі үшін. Президент Қ.Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесін шақырып осы жағдайға жол берген министрлерді жұмысынан босатуы керек. Парламенттік тыңдауға сұранып тұрған жағдай бұл білген кісіге.

Ғалымтай Төлепберген, тарихшы-ғалым, Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің аға оқытушысы.

Барлық материалдар ESILNEWS.KZ желілік басылымының және «ESIL-MEDIA» ЖК, сондай - ақ, оның лицензиарларының меншігі. Сайт материалдарын коммерциялық мақсатта толық немесе ішінара көшіруге тек сайт иесінің жазбаша рұқсатымен ғана рұқсат етіледі.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы мақала

Өзге де жаңалықтар