-17.8 C
Kokshetau
Понедельник, 9 декабря, 2024

Ақмола облысында қызметтік автокөлікті қызметтік емес мақсатта пайдаланудың 21 фактісі анықталды

spot_img

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері мен жергілікті атқарушы органдардың қызметтік автокөлікті жеке мақсатта пайдалануға тыйым салуға байланысты шектеулерді сақтау жөніндегі қызметіне жүргізілген талдау қорытындысы шығарылды.

«Ағымдағы жылдың І жартыжылдығында әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімінің мәліметтеріне сәйкес қызметтік автокөлікті басқару кезінде ЖҚЕ бұзушылықтарға жол берген адамдарды әкімшілік жауапкершілікке тартудың 201 фактісі анықталды.

Талдау шеңберінде Департаменттің хаттары негізінде кінәлі тұлғалар жалпы сомасы 350 мың теңгеден асатын мөлшерде 25 әкімшілік айыппұл төледі.Сонымен қатар талдаумен жалпы сомасы 418 942 теңгеге залал келтірілгені анықталды. Департамент қабылдаған шаралардан кейін мемлекеттік органдардың қаражаты есебінен төленген жалпы сомасы 27 690 теңгеге айыппұлдар ерікті түрде қайтарылды. Жалпы сомасы 391 252 теңгеге іссапар шығыстарын заңсыз төлеу фактілері анықталып, олар Департамент талаптарының негізінде бюджетке қайтарылды. Басқа жағдайда Департамент жалпы сомасы 88 608 теңгеге іссапар төлемдерін алу құқығынан негізсіз айырылған 2 қызметкердің құқығын қалпына келтірді.

«Ақылы автомобиль жолдары дирекциясы» филиалының «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамы ұсынған мәліметтерді зерделеу қорытындысы бойынша Департаментпен қызметтік автокөлікті қызметтік емес мақсаттарда пайдаланудың 21 фактісі анықталды.

Сонымен қатар, Департамент Ақмола облысы полиция департаментінің жол-патрульдік қызметімен бірлесіп. демалыс күндері қызметтік автокөлікті жеке мақсатта пайдалану фактілерін анықтау бойынша рейдтік іс-шаралар өткізді.

Рейд қорытындысы бойынша Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы қызметшілерінің қызметтік автокөлікті заңсыз пайдалану фактісі анықталды. Талдау қорытындысы бойынша — 13 адам, оның ішінде қызметтік автокөлікті жеке мақсатта пайдаланғаны үшін — 9 адам, тиісті бақылаудың жоқтығы үшін — 2 мемлекеттік орган басшысы және іссапар шығыстарын негізсіз төлеумен және іссапарды тиісінше ресімдемеумен байланысты өзге де бұзушылықтар үшін — 2 адам тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының ақпараты.

spot_img
Қалкөз Жүсіп
Қалкөз Жүсіп
ҚазМУ-дің тарих факультетін бітірген. Журналистика саласында 33 жыл еңбек етті. Қима аудандық «Дала таңы» газетінің бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары, Атбасар аудандық «Атбасар» газетінің» редакторы, Ақмола облыстық «Арқа ажары» газетінің бөлім меңгерушісі, жауапты хатшысы болып еңбек етті. Сондай-ақ, республикалық «Заң газетінің» ұзақ жылдар Ақмола облысындағы меншікті тілшісі болды. Қазақстан ақпарат саласының үздігі, түрлі республикалық конкурстардың жеңімпазы.
Сондай-ақ, оқыңыз...
- Advertisement -spot_img
Өзге де мақалалар
spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here