Ресейдегі «Крокус Сити Холл» -дегі терактің артында кім тұр?

Осы үндемей отырғың келеді, бірақ Қазақстан айналасанда қалыптасып жатқан жағдай оған мүмкіндік бермейді.32 жыл ішінде елді жарыққа сүйреудің орнына ортағасырлық қараңғылыққа сүйреп жас балалардан бастап, тепсе темір үзетін жігіттерімізді фанат -діншілдерге айналдырып мешіттерге тығып тастауға жол бергеніміз қалай?

Қанды қаңтардағы қантөгіс ортасында осы діншіл сақалдылар жүрді. Арты шыдамайтынын іштен білген Бекболаттар Түркияға бас сауғалады емес пе? Жуырда АҚШ барлау қызметі Ресейде теракт болады деп хабарлап,ескертті.

Артынша, Калуганың қайдағы жоқ деревнясынан екі қазақ — исламшы террористің көзін құрту операциясын ФСБ жүргізіп тастады. Сол құрбан болған жігіттер кімдер екендігі әлі күнге анықталмады… Соған қарағанда Ресей құйтырқы ойын жасап жатқан тәрізді.

Енді міне Крокустағы терактіден кімнің ізін табар екен? Украин, шешен, қазақ, қайсысы? Анығы ол тізімде біз бармыз. Осы жолы айыптай қоймас, алайда, болашақта оның мүмкіндігі өлшеусіз артып отыр.

Президент Қ.Тоқаевтың Атырауда осы біздің елдегі қазақтық дәстүрге жат исламшылдарға ерекше тоқталғанын дұрыс деп есептеймін.

Бізде дін исламды жете зерттеп жүрген ғалымдарымыз көп. Осылардың эксперттік пікірін тыңдасақ біздің мүфтиатқа түбегейлі реформа керек.

Салафиттерді қатаң түрде бір кездегі Хизб — ут Тахрир, Таблиғтарға салған тиымдарды енгізіп,олардың ел ішіндегі фитна жік салып отырған қызметін тоқтату керек. Ол үшін олардың билік орындарында әлі отырған лоббиларын тазалап тастау шарт. Онысыз түк те өнбейді.

Қазақстан Ауғаныстанға айналмауы керек,соғыс пен жанжалдан көз ашпайтын. Өз тіліңде,дәстүр -салтыңда ұрпағыңды тәрбиеле, қазіргі өркениет бастауларынан сусындат, арабтың,орыстың,қытайдың жолы емес, Алаштың ақ жолымен жүрейік ағайын! Ата -бабаң Ұлық Орда иесі болғанын ұмытпайық. Еңсе тіктейтін кез келді…

Ғалымтай Төлепберген, тарихшы-ғалым, Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің аға оқытушысы.

Hot this week

Талғардағы оқиға барша қазақстандықтарды алаңдатуда

Қазан айының басында  Алматының іргесіндегі Талғар қаласында  орын алған...

Ресей мен Украинаның арасында бейбіт келісім бола ма?

Украинадағы қанды қырғын соғыстың жүріп жатқанына үш жылдай уақыт...

Бөліп-жарып билеу тәсілі жалғаса бере ме?

Қазақ елі үш ғасырдан астам уақыт Ресейдің боданы болып...

Қазақстан үшін Ресей сенімді әріптес пе?

Күні кеше өткен Ресей президенті Путиннің Қазақстанға іссапарына қатысты...

Апостиль электрондық қызметін қалай жылдам алуға болады

Шетелге шығу кезінде Қазақстан Республикасының аумағында берілген құжаттар басқа мемлекеттің...

Topics

Ақмола облысында қызметтік автокөлікті қызметтік емес мақсатта пайдаланудың 21 фактісі анықталды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен...

Трамптың билікке келуі Ресейге тиімді ме?

АҚШ-тағы президент сайлауы барша әлем елдерінің назарында болды десек,...

Украина өз ядролық қаруын жасай ма?

Өткен аптада интернеттік ақпарат желілерінде талқыланған ең өзекті мәселе...
spot_img

Related Articles

Popular Categories

spot_imgspot_img