13.4 C
Kokshetau
Басты бетЖаңалықтарЕреймендегі той немесе Мұқатов кімді мұқатып жүр?

Ереймендегі той немесе Мұқатов кімді мұқатып жүр?

Сондай-ақ, оқыңыз...

Кеше Ереймен елінде екі күндік ұлан-асыр той болды. «Ереймен елі» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Тау тұлғалалардың елі-Ерейментау» атты мәдени шара өтті. Жалпы Ереймен елі тарихымен, батыр тұлғаларымен, ерлік жолдарымен қазақ тарихының алтын парағында айырықша орын алатын мекен.

Осы мекенде өмір сүрген Қанжығалы қарт Бөгенбай батырдың 345, Саққұлақ бидің 225 жылдығы, Садуақас Ғылманидың 135 жылдығына орай, ел азаматтары ас беріп, көкпар тартқызып, аламан бәйгі мен палуандар күрестірді.

Еліміздің түкпір-түкпірінен келген қонақтар даладағы шатырда ғылыми-конференцияда өткізді. Бәрі тамаша. «Ереймен елі» қоғамдық бірлестігінің басшылары мен қосшыларына халықтың алғысы шексіз.

Ауданның белсенді азаматы Абай Әлжанов бастаған топ алыстан келген әр қонағын құрақ ұшып қарсы алып, ас, суын қамдап, отыз ақшанқан ақордаға орналастырып барын салды.

Көкшенің беделді азаматтарымен ғалым, тарихшылар, облыс әкімінің орынбасары Д.Айтбаевта келіп құттықтады.

Аста төк ақ дастархан, қонақжай қазақи көңіл, ұлттық ойындар мен Ереймен тамаша табиғаты көптің ішінде жүрген біздің көңілімізді көтерді.

Бір өкініштісі, қабағынан қар жауып, қазақтың қас батырларының мерейтойын атап өтуге қарсы болған аудан әкімі Нұрлан Мұқатовтың қылығы түсініксіз болды.

Әкім деген елмен бірге болмай ма?

Керісінше кедергі жасап, әкімдік қызметкерлері мен ауыл әкімдеріне тойға баруға, атсалысуға, киіз үй тігуге тиым салғанымен қоймай, той ортасында жоспарланған концерттік бағдарламаны болдырмай, сахнаны жинаттырып тастауы кімге істеген қастандығы? Осыншама ақылсыз адамды алып тастамай, әкім ғып ұстаудың қажеті қанша?

Әкім бол, халқыңа жақын бол демей ме?

Дүбірлі тойға қабағын түйіп кеп, бірауыз ләм деместен атқосшыларын ертіп кетіп отырған Мұқатов кімді мұқатпақшы болды екен.

Идеологиядан жұрдай адамның әрекеті.

Не болса да Мұқатов кетті екен деп той өтпей қалған жоқ.

Ақкөңіл арда қазағым, Ерейменнің ең даласында еркін көсіліп бәйгеге тіккен автокөлікпен, мотоцикілдер, қаржылай сыйлықтарды таратып, марапаттап, құттықтап жатты.

Өткенін ұмытпай, өлгенін еске алып құран бағыштап, тарихтағы тарландардың ерлігі мен еңбегін еске алып отырған «Ереймен елі» ҚБ, қолдау көрсеткен Ереймендіктерге мың алғыс!

Асылбек Байжұманың әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды.

spot_img
- Жарнама -spot_img
Мәселе
- Жарнама -spot_img
Бүкіл мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз