Құрылтай депутаттарының сайлауы – еліміздің саяси жүйесін одан әрі жетілдіруге бағытталған маңызды қадам. Бұл – азаматтардың қоғамдық өмірге белсенді араласуына, ел дамуына қатысты өзекті мәселелерді талқылауға және маңызды бастамалардың жүзеге асуына мүмкіндік беретін тарихи кезең.
Құрылтай – халықтың ұсыныстары мен пікірлері ескерілетін, қоғам мен мемлекет арасындағы байланысты нығайтатын маңызды алаң. Депутаттарды сайлау арқылы әрбір азамат еліміздің болашағына деген жауапкершілігін көрсетіп, қоғамдық өзгерістерге өз үлесін қоса алады.
Алдағы сайлау – ашықтық, әділдік және азаматтық белсенділік қағидаттарын нығайтуға бағытталған маңызды қадам. Әрбір сайлаушы өз таңдауын саналы түрде жасап, Қазақстанның тұрақты дамуы мен жарқын болашағына үлес қоса алады. Ел бірлігі мен ортақ мақсатымыз – еліміздің одан әрі өркендеуінің негізі.
Малика Алтаева, Жақсы ауданының еріктісі.








