More

    Көкшетауда облыстық сот ғимаратынан өрт шықты

    Көкшетауда Ақмола облыстық сотының ғимаратынан өрт шықты.

    Бұл туралы әлеуметтік желіде жазба тарады. Онда бірнеше өрт сөндіру техникасының Назарбаев көшесінің бойындағы Ақмола облыстық соты ғимаратының алдында тұрғанын байқауға болады.

    Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт бүгін сағат 19:56 шамасында ғимараттың 5-ші қабатынан шыққан.

    «Назарбаев даңғылындағы әкімшілік ғимараттың 5-ші қабатынан (40 шаршы метр аумақта) өрт шықты. Тілсіз жауды ауыздықтауға ТЖД жеке құрамынан 30 адам және 8 арнайы техника жұмылдырылды. Сағат 20:12-де өрт ауыздықталып, 20:30-да сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, өрттің шығу себебі анықталуда», — деді ведомстводан.

    Соңғы мақала

    spot_imgspot_img

    Ұқсас мақала

    ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

    Пікіріңізді енгізіңіз!
    мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

    spot_imgspot_img