-17.8 C
Kokshetau
Понедельник, 9 декабря, 2024

Бектеновтен екінші қазақ Путинін жасаудың еш қажеті жоқ

spot_img

Жалпы, Ресей қоғамымен қазақ қоғамы арасындағы болмыс — бітім алшақтығы алдағы уақытта тек зорайа береді. Біздің быдық -саясаттанушылар ресейшілеп шатып — бұтып жүргенде қаңтарда мүлдем басқа қауымның саяси аренаға шыққанына куә болдық. Ел басқарушы шенділердің ешқайсысы халықпен коммуникация жасауға мүлдем қабілетсіз болып шықты.

Путинизм ол қазіргі орыс қоғамын саяси тығырыққа апарып тіреген жол, бар болғаны сол. Қазақстан территориясы үлкен болғанымен халқы аз, шағын унитарлы мемлекет. Негізгі халқы номадтық өркениеттің аясында өсіп — өнген халық. Бір адамның немесе әлдеқандай олигархиялық топтың билігіне төзімсіздік көрсететін ұлттық менталитетке ие. Қырғыздағы әлденеше төңкеріс оқиғалары, қанды қаңтардағы олигархиялық, авторитарлық режимге қарсы қозғалыс постномадтық қоғам табиғатына тән құбылыс. Ресей қоғамы мүлдем кереғар бағытта кетіп бара жатыр. Ресейдің өркениет көшінен безінуі 1917 жылғы қазан төңкерісінен бастау алады, содан бері ресейлік қоғам кері сұрыпталу үдерісінен арыла алмай келеді.

Путинизм ескі патшалық Ресейдің : Бір билеуші, православ шіркеу, халық, сталиндік үлгідегі тоталитарлық билік идеясын біріктірген эклектикалық саяси ағым. Бұл жолда жүрген Ресей әлемдегі оқшау елге айналып болды.

Сондықтан, Бектеновті келесі Президент деп, алдын -ала қоғамдық пікір туғызып, ода жазып тастаудың қажеті қанша? Қазақ елі ендігі уақытта қандай да бір «мәңгілік билеушінің» табаны жер тіреп ,табандап отыруына жол бермейді.

Ғалымтай Төлепбергенов, тарихшы-ғалым, Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің аға оқытушысы.

spot_img
Сондай-ақ, оқыңыз...
- Advertisement -spot_img
Өзге де мақалалар
spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here