spot_img
-11.1 C
Kokshetau
HomeАдам және заңАлаяқтықАрзан ыдыс-аяққа қызыққан Қосшы тұрғыны алаяқтарға 8,5 млн теңгеге алданды

Арзан ыдыс-аяққа қызыққан Қосшы тұрғыны алаяқтарға 8,5 млн теңгеге алданды

- Advertisement -spot_img

Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, Қосшы қаласының полиция бөліміне 45 жастағы жергілікті тұрғыннан өткен жылдың 1 қаңтарында белгісіз адам оның 8,5 млн теңгеге жуық ақшалай қаражатын иемденгені туралы өтініш келіп түсті.

Алаяқтық фактісі бойынша полицейлер сотқа дейінгі іс жүргізуді бастады. Барлық жағдайларды анықтау барысында жәбірленуші Қытайдан жалпы сатып алу WhatsApp тобына қосылғаны анықталды.

Тауарлардың бағасы төмен екенін ескере отырып, әйел қызығушылық танытып, кейінірек оларды сату үшін үлкен мөлшерде ыдыс-аяққа тапсырыс беруді шешті. Шарттар бойынша тапсырыстың барлық сомасын бірден төлеу керек болды, оған сенген әйел ақшаны толық жіберген.

Бір жыл бойы жәбірленушіге жеткізу жыл соңына дейін болады деген уәделер берілді. Алайда, жаңа жыл келді, бірақ не тауар, не ақша жоқ.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер Ақтау қаласының 24 жастағы тұрғынын анықтады, оның қатысуын қазіргі уақытта полицейлер тексеруде.

Полицейлердің пікірінше, жәбірленушілер көп болуы мүмкін.

Егер жағдай сізге таныс болса немесе сіз осындай жағдайға тап болсаңыз, полиция қызметкерлері дереу полицға хабарласуға шақырады.

- Advertisement -spot_img
- Advertisement -spot_img
Stay Connected
16,985FansLike
2,458FollowersFollow
61,453SubscribersSubscribe
Must Read
- Advertisement -spot_img
Related News
- Advertisement -spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here