16.3 C
Kokshetau
Басты бетКөзқарасҰмытылған батырлар: Астана әкімдігі ардагерлерді іздеуге неге құлықсыз?

Ұмытылған батырлар: Астана әкімдігі ардагерлерді іздеуге неге құлықсыз?

Сондай-ақ, оқыңыз...

Астанада өткен әскери парад кезінде елге еңбегі сіңген тыл ардагері, нейрохирург Теңдік Исақовты трибунаға өткізбей қойған сәт әлеуметтік желілерде кең таралып, жұрттың жүрегін ауыртты, деп жазды qamshy.kz

Астана әкімдігі бұл жағдайды «парадқа кіру тек алдын ала жасалған арнайы тізім арқылы жүзеге асты» деп түсіндірді. Тізімге тек ардагерлердің туыстары берген өтініш негізінде енгізілгендер енген. Ал Теңдік Исақовтың отбасынан ондай өтініш түспеген көрінеді.

Дегенмен, көпшілік бұл түсініктемеге қанағаттанбай отыр. Желі қолданушылары:
«Қазір санаулы ғана ардагер қалды. Осындай кісілерді әкімдік өзі іздеп, құрметпен көлік жіберіп алып келуі керек еді. Бұл – елге жасаған еңбекті ұмыт қалдыру», – деп наразылық білдіруде.

Белгілі әнші Зарина Омарова да Instagram парақшасында пікір білдіріп:
«Осыдан екі жыл бұрын бір ардагер атаны көшеде такси тоқтатып тұрған жерінен үйіне жеткізіп салған едім. Өте кішіпейіл, ашық-жарқын адам екен. Сол кезде 67 жыл бойы нейрохирург болып еңбек еткенін естіп, таңғалғанмын. Нағыз батыр, нағыз еңбек адамы. Бүгін сол кісіні парадқа кірмей қалған сәтінен көріп, жаным ауырды. Осындай жандар – елдің нағыз мақтанышы. Ұмытылуға тиіс емес», – деп жазды.

Орын алған жағдайдан соң, Астана әкімдігі ардагер мен оның туыстарымен кездесіп, кешірім сұраған. Сондай-ақ, Теңдік Исақов 9 мамыр күні өтетін гүл шоғын қою рәсіміне арнайы шақырылды.

Алайда бұл оқиға қоғамда үлкен ой тудырды: ардагерлердің қадірін парадтық рәсіммен емес, нақты құрметпен көрсетуіміз қажет емес пе?

spot_img
spot_img
Мәселе
spot_img
Барлық мақалалар

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз