Воскресенье, 22 декабря, 2024
-9.1 C
Kokshetau

Апостиль электрондық қызметін қалай жылдам алуға болады

Шетелге шығу кезінде Қазақстан Республикасының аумағында берілген құжаттар басқа мемлекеттің аумағында заңды күші болуы үшін тиісті түрде куәландырылуға тиіс. Бұл рәсім  мөртабан апостилін қою деп аталады.  Апостиль- бұл құжатқа қол қойған адамның қолының түпнұсқаулығын  және оның өкілеттігін растауды, сондай –ақ құжат бекітілген мөрдің немесе мөртабанның түпнұсқаулығын куәландыратын арнайы мөртабан.

Апостиль уағдаласушы мемлекеттердің бірінің аумағында жасалған және екінші уағдаласушы мемлекеттің аумағында ұсынылуы тиіс ресми құжаттарға қойылады. Казақстанда облыстардың, Астана, Алматы Шымкет қалаларының Әділет департаменттері нотариустардан шығатын ресми құжаттарға, өзге де мемлекеттік органдары мен нотариустарынан шығатын құжаттарға, азаматтық хал актілеріне апостиль қоюмен көрсетілетін қызмет беруші болып табылады.

Бүгінгі таңда азаматтарға ыңғайлы болу үшін бірнеше жолмен өтініш бере алады:

1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ

филиалының (бұдан әрі ХҚКО) халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы.

2) Электрондық үкіметтің веб-порталы (бұдан әрі-ЭҮП) арқылы алуға болатын халыққа арналған мемлекеттік қызмет болып табылады www.eqov.kz.

2021 жылғы қаңтардан бастап «әділет органдары мен өзге де мемлекеттік органдардан, азаматтық хал актілерін және өзге де мемлекеттік органдарынан сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік қызметі автоматтандырылды.

Көрсетілетін қызметті алушылар электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойылған электрондық өтінішті беруі және электрондық мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы көрсетіледі, яғни PDF файлында қоса берілген сканерленген құжаттары бар электрондық өтініш, сондай-ақ мемлекеттік баж Е-Апостиль сервистік бағдарламалық өнім жүйесінде тіркеледі. Келіп түскен құжаттарды қабылдау, өңдеу, тексеру және дайын құжаттарды беру нәтижені ЭҮП өтініш берушінің «Жеке кабинетіне» жібере отырып, уәкілетті органның қызметкері онлайн режимінде жүзеге асырады.

Мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін «салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес әрбір апостиль қойылған құжат үшін айлық есептік көрсеткіштің 50%мөлшерінде мемлекеттік баж алынады. Бүгінгі таңда мемлекеттік баждың сомасы 1846 теңгені құрайды.

Қызмет көрсету мерзімі келесідей:

— порталда-бір жұмыс күні;

— ХҚКО арқылы-екі жұмыс күні.

Азаматтарға ыңғайлы болу үшін Е-апостиль саласында мемлекеттік қызметін көрсету процесін жақсарту мақсатында, мемлекет рәсімді оңайлатуға және мерзімдерді қысқартуға бағытталған барлық шараларды қабылдайды.

 

Диана Жахина,

Ақмола облысы Әділет департаментінің

коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу

және тіркеу қызметі саласындағы бақылау

бөлімінің бас маманы

Hot this week

Талғардағы оқиға барша қазақстандықтарды алаңдатуда

Қазан айының басында  Алматының іргесіндегі Талғар қаласында  орын алған...

Ресей мен Украинаның арасында бейбіт келісім бола ма?

Украинадағы қанды қырғын соғыстың жүріп жатқанына үш жылдай уақыт...

Бөліп-жарып билеу тәсілі жалғаса бере ме?

Қазақ елі үш ғасырдан астам уақыт Ресейдің боданы болып...

Қазақстан үшін Ресей сенімді әріптес пе?

Күні кеше өткен Ресей президенті Путиннің Қазақстанға іссапарына қатысты...

Ақмола облысында қызметтік автокөлікті қызметтік емес мақсатта пайдаланудың 21 фактісі анықталды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен...

Topics

Талғардағы оқиға барша қазақстандықтарды алаңдатуда

Қазан айының басында  Алматының іргесіндегі Талғар қаласында  орын алған...

Ресей мен Украинаның арасында бейбіт келісім бола ма?

Украинадағы қанды қырғын соғыстың жүріп жатқанына үш жылдай уақыт...

Бөліп-жарып билеу тәсілі жалғаса бере ме?

Қазақ елі үш ғасырдан астам уақыт Ресейдің боданы болып...

Қазақстан үшін Ресей сенімді әріптес пе?

Күні кеше өткен Ресей президенті Путиннің Қазақстанға іссапарына қатысты...

Ақмола облысында қызметтік автокөлікті қызметтік емес мақсатта пайдаланудың 21 фактісі анықталды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен...

Трамптың билікке келуі Ресейге тиімді ме?

АҚШ-тағы президент сайлауы барша әлем елдерінің назарында болды десек,...

Украина өз ядролық қаруын жасай ма?

Өткен аптада интернеттік ақпарат желілерінде талқыланған ең өзекті мәселе...

Қазақстан БРИКС-ке кіруден неге бас тартты?

Халықаралық түрлі ұйымдар қатары уақыт өткен сайын көбейіп барады....
spot_img

Related Articles

Popular Categories

spot_imgspot_img