-3.8 C
Kokshetau
Басты бетЖаңалықтарЖаңа Конституция – әділетті мемлекетке бастайтын маңызды қадам – сарапшы пікірі

Жаңа Конституция – әділетті мемлекетке бастайтын маңызды қадам – сарапшы пікірі

Сондай-ақ, оқыңыз...

Қазақстанда ұсынылған жаңа Конституция жобасы елдің саяси жүйесін жаңғыртуға және мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді нығайтуға бағытталған маңызды бастама. Бұл туралы Ақмола облысы бойынша «Ассамблея жастары» РҚБ өкілдігінің төрағасының орынбасары Махмуджан Давранов айтты.

Оның пікірінше, конституциялық өзгерістер қоғамның қазіргі сұранысына жауап береді және мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыруға ықпал етеді.

«Ұсынылып отырған жаңа Конституция жобасы – еліміздің саяси жүйесін жаңғыртуға бағытталған маңызды қадам. Онда билік тармақтарының теңгерімін күшейту, заң үстемдігін қамтамасыз ету және азаматтардың мемлекеттік басқаруға қатысу мүмкіндіктерін кеңейту сияқты маңызды нормалар қарастырылған», – деді Давранов.

Сарапшының айтуынша, бұл өзгерістер әділетті әрі жауапты мемлекет қалыптастыруға негіз болады.

Сонымен қатар ол реформалардың жастар үшін маңызы ерекше екенін атап өтті. Оның сөзінше, жаңа Конституция жастардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуына және азаматтық жауапкершілігін арттыруға мүмкіндік береді.

«Еліміздің болашағы білімді, белсенді және отаншыл жас ұрпақтың қолында. Жаңа Конституция жобасы жастардың өз әлеуетін толық жүзеге асыруына және қоғамдық бастамаларға белсенді араласуына кең мүмкіндік береді», – деді ол.

Давранов Қазақстан халқы Ассамблеясы мен оның жастар қанаты – «Ассамблея жастары» ұйымының қоғамдағы бірлік пен келісімді нығайтудағы рөліне де тоқталды.

«Қазақстан халқы Ассамблеясы мен “Ассамблея жастары” ұйымы қоғамдағы тұрақтылық пен келісімді нығайтуда маңызды рөл атқарып келеді. Сондықтан ел дамуына бағытталған маңызды бастамаларды қолдау – әрбір саналы азаматтың ортақ жауапкершілігі», – деді сарапшы.

Оның айтуынша, жаңартылған Конституция елдің тұрақты дамуының және қоғамдық келісімнің берік негізіне айналуы тиіс.

«Біз үшін ең бастысы – бірлігімізді сақтай отырып, болашаққа сенімді қадам жасау», – деп түйіндеді Давранов.

Еске салайық, Қазақстанда ұсынылған конституциялық өзгерістер мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуге және қоғамның саяси өмірге қатысуын кеңейтуге бағытталған.

spot_imgspot_img
- Жарнама -spot_img
Мәселе
- Жарнама -spot_img
Бүкіл мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз