Көкшетау қаласында логопед пен дефектолог мамандардың аттестациялық тестіне байланысты үлкен дау туындап отыр.
Бір топ педагог педагог-модератор санатына тест тапсырды.
Барлығы ресми жүйе арқылы өтті:
– бөлім: мектепке дейінгі ұйым
– лауазым: логопед
Өтініш қабылданды.
Тестке рұқсат берілді.
Нәтиже шықты. Кейбір педагогтар 39 балл жинады.
Бірақ бір аптадан кейін күтпеген жағдай болды.
Кенеттен:
«Логопед пен дефектологтар тестті өз спецификасы бойынша тапсыруы керек. Бұрын тапсырған тест нәтижелері қабылданбайды» деген ақпарат тарады.
Ең қызығы — педагогтар тестке дейін әдіскерлерден бірнеше рет нақтылап сұраған.
«Мектепке дейінгі ұйым ретінде тапсырамыз ба?»
Жауап: «Иә, солай тапсырасыздар» болған.
Яғни педагогтар ережені бұзған жоқ.
Олар берілген нұсқаулыққа сүйенді.
Енді сұрақ туындайды:
Егер тест дұрыс болмаса —
онда жүйе неге өтінішті қабылдады?
Егер талап басқаша болса —
неге алдын ала ескертілмеді?
Бір тесттің артында:
– айлар бойы дайындық
– үлкен стресс
– педагогтың санаты мен жалақысы тұр.
Ал енді сол еңбектің бәрі бір аптаның ішінде жоққа шығарылмақ па?
Егер әр апта сайын ереже өзгеретін болса, онда педагогтар аттестация тапсырып жүр ме, әлде экспериментке қатысып жүр ме?
Білім саласында бір нәрсе анық болуы керек:
Жүйенің қателігі үшін педагог жауап бермеуі тиіс.









