Көкшетау қалалық соты азаматтық іс қарау барысында азаматша Л.-ның азамат А.-ға қарсы пәтерді бөлу және коммуналдық шығыстарды өндіріп алу туралы талаптарын қарады.
Сот анықтағандай, пәтер иесінің қайтыс болуынан кейін мұрагерлік куәліктерге сәйкес мұрагерлер ретінде Л. – үш төртінші бөлігін және А. – бір төртінші бөлігін иеленген. Пәтердегі үлестер тіркелген.
Сот материалдарынан белгілі болғандай, А. пәтерде тұрмаған, ал Л. коммуналдық қызметтер мен пәтерді күтіп ұстауға кеткен шығыстарды төлеген. Мұрагерлердің арасында келіспеушілік туындап, бірлесіп тұру мүмкін болмаған, мүлікті бөлу бойынша ерікті келісім жасалмаған, сотта медиация жүргізілмеген.
Л. өз үлесін бөліп алу және А.-ға оның үлесіне сәйкес ақша өтемақысын төлеуді талап етіп, сонымен қатар пәтерді күтіп ұстауға кеткен шығыстардың өзіндік үлесі бойынша өндіріп алынуын сұраған. А. өтемақы төлеуден бас тартып, мүлікті өзінде қалдыруды көздеген.
Сот атап өткендей, мүлікті жария саудаға шығару – дауды басқа жолмен шешуге мүмкіндік болмаған жағдайда қолданылатын соңғы шара.
Сот шешімімен пәтер жария саудаға шығарылды, сатудан түскен қаражат мұрагерлер арасында олардың үлестеріне сәйкес бөлінеді. Шешім заңды күшіне енген.
Көкшетау қалалық сотының мәліметінше дайындалды.








