-16.8 C
Kokshetau
Басты бетЖаңалықтарЕрейментау ауданында газ баллоны жарылып, бес адам зардап шекті

Ерейментау ауданында газ баллоны жарылып, бес адам зардап шекті

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ақмола облысының Ерейментау ауданына қарасты Тайбай ауылында жеке тұрғын үйде газ баллоны жарылды.

Оқиға 2026 жылғы 3 қаңтарда шамамен сағат 17:00-де болған. Өрт салдарынан 20 шаршы метр аумақ зақымданған.

Алдын ала мәлімет бойынша, бес адам зардап шеккен, оның төртеуі күйік жарақатымен аудандық ауруханаға жеткізілді.

Ересек әйелдің денесінің 30 пайызы күйген, 16–20 жас аралығындағы үш бала да күйік алған.

Оқиға орнына құтқару қызметі мен медицина мамандары жедел жеткен. Қазіргі таңда зардап шеккендерге қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

Дереккөз: @nayza_kokshe

spot_imgspot_img
- Жарнама -spot_img
Мәселе
- Жарнама -spot_img
Бүкіл мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз