-14.8 C
Kokshetau
Басты бетЖаңалықтарОКҚ-дегі цирк: әлеуметтік желіде тараған видео жұртты шулатты

ОКҚ-дегі цирк: әлеуметтік желіде тараған видео жұртты шулатты

Сондай-ақ, оқыңыз...

Әлеуметтік желіде Шымкент әкімі Ғабит Сыздықбековтің брифингіндегі даулы сәттің видеосы тарады. Кадрда өзін Бақытжан Көпбаев деп таныстырған азаматтың журналистерді әкімге жолатпай, жолын кесіп, сұрақ қоюға мүмкіндік бермей жатқанын анық көруге болады.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Самый лучший паблик «В Шымкенте» (@v_shymkente)

Бұл не сонда?

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингке бірдей бір өңірдің әкімін «айғырдан бетер қайырып» жүрген блогерсымақ қайдан келген?

Әлде Шымкент әкімі өзі ыңғайсыз сұрақтардан қашып, алдын ала дайындаған құйтырқы сценариймен жүр ме?

Брифинг деген – шенеуніктерді қоршап, журналисті қуатын сахна емес.

Брифинг – БАҚ өкілдері, журналистер үшін ұйымдастырылатын, халықтың сұрағына ашық жауап беретін алаң.

Ал әлеуметтік желіде тараған видео –  әкімнің ашықтығына да үлкен сұрақ белгісін қойып тұр.

Журналисті шенеунікке жолатпайтын мұндай әрекет шенеуніктің жұмысына үлкен сын.

Еске сала кетсек, бұдан бұрын «Ақмола облысы әкімінің брифингіне барлық журналистер неге шақырылмады?» тақырыбында мақала жариялаған едік.

spot_imgspot_img
- Жарнама -spot_img
Мәселе
- Жарнама -spot_img
Бүкіл мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз