-10.8 C
Kokshetau
Басты бетЖаңалықтарҚазаққа тіл тигізген қарағандалық Алика Мұхамадиева сотталды

Қазаққа тіл тигізген қарағандалық Алика Мұхамадиева сотталды

Сондай-ақ, оқыңыз...

Қарағанды қалалық сотының шешімімен Алика Мұхамадиева 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Алайда оның жас баласы болғандықтан, жазаны өтеу мерзімі 2 жылға кейінге қалдырылды.

Мұхамадиеваға ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабы, 1-бөлігі бойынша айып тағылған. Бұл бап әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік немесе діни араздықты қоздырғаны үшін жауапкершілікті көздейді.

Заң бойынша мұндай әрекет үшін 2 мыңнан 7 мың АЕК-ке дейін айыппұл немесе 2 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы белгіленген.

Сот процесін Қазыбек би аудандық сотының судьясы Арғын Құтышев жүргізген.

spot_imgspot_img
- Жарнама -spot_img
Мәселе
- Жарнама -spot_img
Бүкіл мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз