-0.1 C
Kokshetau
Басты бетЖаңалықтарАқмола облысында «ит етінен жасалған шаурма» жайлы шу: не рас, не өтірік?

Ақмола облысында «ит етінен жасалған шаурма» жайлы шу: не рас, не өтірік?

Сондай-ақ, оқыңыз...

Соңғы күндері әлеуметтік желіде Ақмола облысында ит етінен дайындалған тағам сатылды деген ақпарат тарады. Пост авторлары нақты фирманың атын атап, ветеринарлық қызмет өкілдерінің «қатысы бар» деген айып тақты. Кей мәліметтерде «ит еті 18 дәмханада пайдаланылған», «салмағы жүздеген келіге, пайдасы миллиардтаған теңгеге жетті» деген мәліметтер жазылған.

Желі дүрлікті. Ал жұртшылық «ет жей алмай қаламыз ба?» деп уайымдады.

Ақмола облысы ветеринария басқармасының ресми мәліметіне сүйенсек, бұл оқиға 2022 жылы Шортанды ауданында тіркелген. Ол кезде ит аулаумен айналысқан жеке кәсіпорында қысқа мерзімге жұмыс істеген азаматтың әрекеті тексерілген. Алайда, қазіргі уақытта мұндай факті расталмаған.

«Бүгінде облыс аумағында сатылатын ет өнімдері міндетті ветеринарлық бақылаудан өтеді. Әр партияға сертификат беріледі. Ит етін өткізу немесе оны тағам ретінде пайдалану фактілері тіркелмеген», — делінген басқарма жауабында.

Сонымен қатар, мамандар ет нарығында расымен тапшылық бар екенін мойындайды. Соңғы айларда сиыр еті шамамен 1000 теңгеге қымбаттаған. Саудагерлердің айтуынша, сұраныс жоғары, ал ұсыныс азайған. Бұл — жалған ақпараттың тез тарауына себеп болуы мүмкін.

Ал қарапайым тұрғындар болса, енді шаурмадан бастап кәуапқа дейін күдікпен қарай бастағанын айтады.

spot_imgspot_img
- Жарнама -spot_img
Мәселе
- Жарнама -spot_img
Бүкіл мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз