Басты бетЖаңалықтарКөкшетауда «Таза Қазақстан» бастамасы аясында республикалық ағаш отырғызу акциясы өтеді

Көкшетауда «Таза Қазақстан» бастамасы аясында республикалық ағаш отырғызу акциясы өтеді

Сондай-ақ, оқыңыз...

2026 жылғы 25 сәуір күні сағат 10:00-де Көкшетау қаласындағы «Мәңгілік алау» мемориалды кешенінің алаңында «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында ағаш отырғызу бойынша республикалық акция ұйымдастырылады.

Аталған шараның негізгі мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, қаланы көгалдандыру және экологиялық мәдениетті дамыту.

Іс-шараға Ақмола облысының әкімі Марат Мұратұлы Ахметжанов, өңір жастары, студенттер және еріктілер қатысады.

Акция барысында 300-ден астам қатысушы 200 қарағай көшетін отырғызады. Бұл бастама Көкшетау қаласының жасыл белдеуін кеңейтуге және экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған.

Сонымен қатар, іс-шараның ерекше сәті ретінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өтетін телекөпір жоспарланған. Телекөпір барысында елдегі экологиялық бастамалардың жүзеге асырылу барысы мен «Таза Қазақстан» жобасының маңызы талқыланады.

«Таза Қазақстан» бастамасы қоғамды табиғатты аялауға, қоршаған ортаны қорғауға және келер ұрпаққа таза әрі жасыл ел қалдыруға үндейді.

spot_imgspot_img
- Жарнама -spot_img
Мәселе
- Жарнама -spot_img
Бүкіл мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз