Басты бетЖаңалықтар«Мен тек апарып тастадым…» Бұл сөз заң алдында ақталуға себеп болмайды

«Мен тек апарып тастадым…» Бұл сөз заң алдында ақталуға себеп болмайды

Сондай-ақ, оқыңыз...

Есірткіні бір жерден екінші жерге жеткізу, жасыру немесе арнайы орынға қалдыру – ауыр қылмыс. Мұндай әрекетті орындаған адам оның салдары үшін заң алдында толық жауап береді.

Есірткі таратушылар көбіне адамдарды «оңай табыс», «бір ғана тапсырма», «ешқандай қауіп жоқ» деген жалған уәделермен арбайды. Бірақ бір рет келісім беру – қылмыстық жауапкершілікке алып келуі мүмкін.

Есте сақтаңыз: есірткіні тасымалдау, сақтау немесе жасыруға қатысу – өз болашағыңызға қауіп төндіру деген сөз. Бір сәттік пайда үшін еркіндігіңізден, абыройыңыздан және жақындарыңыздың сенімінен айырылып қалмаңыз.

Күдікті ұсыныстардан бірден бас тартып, заңсыз әрекетке жол бермеңіз.

Есірткіге жол жоқ! Заңды құрметтеу – өз болашағыңызды қорғаудың ең сенімді жолы.

spot_imgspot_img
- Жарнама -spot_img
Мәселе
- Жарнама -spot_img
Бүкіл мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз