Суббота, 21 декабря, 2024
-18.5 C
Kokshetau

ЛГБТ-ға қарсы заң қажет пе?

Астанада ЛГБТ-ға  қарсы заң қабылдауға арналған петицияны талқылау жиыны өтті.  ЛГБТ-ға тиым салу жөніндегі заң қабылдауды қолдап, петицияға қол қойғандар саны жеткілікті.  Халық қолдаған осы петицияға сай құзырлы органдар заң жобасын дайындауы тиіс. Бірақ та, петицияға арналған жиында оны қолдаушылар ғана емес, қарсыластар да аз емес екендігі анық көрінді. Сөйлегендердің пікірінше, ЛГБТ-ға  (лесбиан, гомосексуалист, биосексуалист, трансгендер)  тиым салу демократияға қарсы болады-мыс. Дамыған батыс елдерінің бәрі ондайларды психикалық ауру деп емес, қоғамның толыққанды өкілі ретінде мойындап, олардың өзара жұптасып отау құруларына, басқа да азаматтық шарттарды заң жүзінде жүзеге асыруларына рұқсат еткен. ЛГБТ-ға қарсы заң қабылдауға қарсы болғандардың белсенді әрекеттерінің салдары болар, жиын соңында құзырлы орган өкілдері олардың  қызметіне ішнәра тиым салған жөн болады деген сияқты сиырқұйымшақтанған  пікірлерін білдірді.

ЛГБТ деген несімен қауіпті?  Жәрайды, көңілдері қалаған екен екі еркек  немесе екі әйел жұптасып бірге тұрсын, ота жасау арқылы жынысын өзгертсін, онда тұрған ештеңе де жоқ сияқты. Дегенмен де, атам заманнан санамызға қалыптасқан табиғи түсінік пен дәстүрге қайшы келетін мұндай теріс әрекеттерін олар ешкімге сездірмей өздері жасап жатса, бір басқа. Жоқ, көшеге шығып, плакаттарын ұстап, айқай-сүрең салып, ұрандатып, біз сондаймыз деп барша жұрттың назарын аударып жатады. Жыл сайын бір рет өтетін тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес күнінде ЛГБТ өкілдері плакаттарын алып, жалаулатып айқай-сүреңге басып, барша халықтың назарын аударады. Ол аз десеңіз, аймақтарға барып, өздері сияқты табиғи ауытқыған жандардың басын қосып, түрлі шаралар өткізуді де әдетке айналдырып жатыр. Өздерінің түнгі клубтары да бар екен. Олардың бұндай жарнамалық шаралары санасы әлі толық қалыптаспаған жасөспірімдерді бұзып, теріс жолға салуға ықпалын тигізуде.

Құранда арсыздық деп аталған бір жыныс өкілдерінің бір-біріне ынтықтығын жалпақ жұртқа жарнамалайтын пенделердің арасында қазақтар да аз емес. Ондайлардың үстеріне қазақтың ұлттық киімін киіп алып, ұлттық дәстүрімізді аяқ асты ететіндері ұлтжанды азаматтардың ашу-ызасын туғызады. Таяуда қазақша безендірілген киіз үйдің ішінде жартылай жалаңаш екі қыз бен бір трансгендердің  билеген видеосы әлеуметтік желіде таралып, жұртшылық тарапынан біраз шу туғызды. Осылардың астарында  арсыздықты қазақ ұлтына таңып, ұлттық рухымызды таптау, ұлтсыздандыру саясаты жатқанын анық аңғаруға болады.

Бүгінде демократия дегенді желеу етіп, азшылық саналатын дәстүрлі емес жыныс жақындығын жақтайтындардың құқығын қорғауға халықаралық үлкен ұйымдардың бәрі дерлік асқан белсенділікпен атсалысуда. Солардың қолдауымен және шетелдік қалталы ұйымдардың  қаржыландыруымен  әлемнің барлық елдерінде осындай бір жыныс өкілдерінің жақындығын насихаттауға  көп көңіл бөлінуде. Ислам елдерінде ондайлар үлкен қарсылыққа ұшыраса, Қазақстан сияқты демократиялық бағытты ұстануға ниет еткен елдерде жыл сайын қатарын қалыңдатып, өздерінің арсыздықтарын заңдастыратын заңдар қабылдатуға ақырындап қол жеткізіп жатыр. Бұның астарында не бар және ол несімен қауіпті?

ЛГБТ дегенді заңдастырып, оған толық жол ашып қойған Батыс елдерінің қазіргі жайына назар аударып қарасақ, оның қаншалықты қауіпті екендігін ұғуға болады. Күні кеше Лондонда жергілікті ақ нәсілді ағылшындардың елге қаптап келіп жатқан мұсылмандарға тосқауыл қойылуын талап еткен шеруі өтті. Қазіргі күні Лондонда Африка мен Азиядан барған мұсылмандар тұрғындардың 50 пайызына жетіпті. Ал Брюссел, Париж, Амстердам сияқты еуропалық қалаларда мұсылман эмигранттар саны тұрғындардың 50-60 пайызын құрайды. Еуропа елдерінде мектептерде оқитын балалардың 80 пайыздайы мұсылмандар екен. Осылай жалғасса, енді 20-30 жылда Еуропа елдері түгелдей мұсылман мемлекеттеріне айналатыны анық. Ал еркек пен еркектің үйленуіне жол ашып қойған Еуропа елдерінің халқы демографиялық  ахуалдарын қиындатып, алғандықтан, олардың саны жыл санап азайған үстіне азайып барады. Енді біраз жылдан соң француз, ағылшын, неміс деген халықтар жер бетінен түгел жоғалып кету қаупі бар. Міне, ЛГБТ-ның әкелген жемісі.

Егер Қазақстанда да ЛГБТ батыстағыдай өркен жайып, заң негізінде халық арасына кең таралар болса,  ең алдымен демографиялық үлкен мәселе туындайды. Өз елімізде халықтың 70 пайызын құраймыз деп бөркіміз қазандай болып жүргенде, ертең қазақтың ұлттық киімін киіп би билеп жүрген гейлер мен трансгендерлер  ұрпақ өсірудің тамырына балта шабады. Осыған орай, қазақтың саны азайып, ертең өз елінде азшылыққа айналуы мүмкін. Оған қоса, гей, лесбиан, трансгендер аталып жүрген арсыздарда отансүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттер атымен болмайды. Нәпсінің құлақ кесті құлына айналған ондайларда адамдық жақсы қасиет деген де жоғалады. Осылайша, қоағамымыз ақырындап азғындап, ұлтсыз, имансыз тобырға айналамыз. Ал ондай тобырды басқару, бодан етіп, байлығын тартып алу оп-оңай. ЛГБТ дегенді заңдастыруды талап етіп, жоғарыдан жағадан алып жүрген алпауыттардың көздеген арам пиғылдары да осындай.

Бүгінде ел ішінде белең алып бара жатқан бұл арсыздықты қалай тоқтата аламыз? Оған қрсы тұрар екі күш бар, олар: 1-ұлттық тіліміз бен дәстүріміз; 2-дініміз, яғни ислам діні. Назарбаев билеген отыз жылда ұлттық тіліміз аяқ асты болып, мемлекеттік мәртебесіне ие бола алмады, дәстүрлеріміз де бұрмаланып кетті. Соңғы кезде ислам дініне қара күйе жағып, бөлшектеп құрту бағытында белсенді жұмыстар жүргізіліп жатыр. Осыған орай, елімізде ислам дініне қарсы шығатындар қатары көбейді. Тәңіршілдік дегенді ресми дін ету қажет дейтіндер шығуда. Атеистер қатары көбейіп барады. Бұл да сыртқы күштердің жүргізіп жатқан жымысқы насихат жұмыстарының әсері екендігі анық.

Жалпы, ел боламыз десек, екі негізгі діңгегіміз: ұлттық тіліміз бен болмысымызды және дінімізді сақтауымыз қажет. Бұл екеуінен айрылған күні екі аяқты хайуан деңгейіне түсеміз және тәуелсіздігімізден де, жеріміз бен байлығымыздан да айрыламыз. Сондықтан әр қазақ  осыны естен шығармай, екі діңгігімізді құлатпауға күш салуы қажет.

Қалкөз ЖҮСІП.

Hot this week

Талғардағы оқиға барша қазақстандықтарды алаңдатуда

Қазан айының басында  Алматының іргесіндегі Талғар қаласында  орын алған...

Ресей мен Украинаның арасында бейбіт келісім бола ма?

Украинадағы қанды қырғын соғыстың жүріп жатқанына үш жылдай уақыт...

Бөліп-жарып билеу тәсілі жалғаса бере ме?

Қазақ елі үш ғасырдан астам уақыт Ресейдің боданы болып...

Қазақстан үшін Ресей сенімді әріптес пе?

Күні кеше өткен Ресей президенті Путиннің Қазақстанға іссапарына қатысты...

Апостиль электрондық қызметін қалай жылдам алуға болады

Шетелге шығу кезінде Қазақстан Республикасының аумағында берілген құжаттар басқа мемлекеттің...

Topics

Талғардағы оқиға барша қазақстандықтарды алаңдатуда

Қазан айының басында  Алматының іргесіндегі Талғар қаласында  орын алған...

Ресей мен Украинаның арасында бейбіт келісім бола ма?

Украинадағы қанды қырғын соғыстың жүріп жатқанына үш жылдай уақыт...

Бөліп-жарып билеу тәсілі жалғаса бере ме?

Қазақ елі үш ғасырдан астам уақыт Ресейдің боданы болып...

Қазақстан үшін Ресей сенімді әріптес пе?

Күні кеше өткен Ресей президенті Путиннің Қазақстанға іссапарына қатысты...

Апостиль электрондық қызметін қалай жылдам алуға болады

Шетелге шығу кезінде Қазақстан Республикасының аумағында берілген құжаттар басқа мемлекеттің...

Ақмола облысында қызметтік автокөлікті қызметтік емес мақсатта пайдаланудың 21 фактісі анықталды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен...

Трамптың билікке келуі Ресейге тиімді ме?

АҚШ-тағы президент сайлауы барша әлем елдерінің назарында болды десек,...

Украина өз ядролық қаруын жасай ма?

Өткен аптада интернеттік ақпарат желілерінде талқыланған ең өзекті мәселе...
spot_img

Related Articles

Popular Categories

spot_imgspot_img