-17.8 C
Kokshetau
Понедельник, 9 декабря, 2024

Бурабай ауданында жылумен жабдықтаушы ұйым тұтынушыларды қорқытқан

spot_img

Ақмола облысы прокуратурасының шараларымен 300-ден астам тұтынушының мүліктік құқықтары қорғалды. Щучинск қаласының тұрғындары Бурабай ауданының прокуратурасына жылумен жабдықтаушы ұйымның хабарламаларымен келіспейтіндіктерін білдірді.

Жылумен жабдықтаушы ұйыммен көппәтерлі тұрғын үйлердің тұрғындарына жылуесептегіштері мен жылу датчиктерінің қызмет ету мерзімінің аяқталуына байланысты жаңасына ауыстыру қажеттілігі туралы хабарламалар жібергені анықталды. Егер бұл талаптар орындалмаса, ұйым жылу есептегіш құралдары жоқ тұтынушылар үшін жылумен қамтамасыз ету үшін тұтыну нормасына сәйкес ақы алатынын айтып қорқытқан.

Алайда бұл әрекеттер қолданыстағы заңнама талаптарына қайшы келген. Яғни, құрылғылардың (жылу калькуляторлары мен температура датчиктерінің) қызмет етумерзімінің аяқталуы оларды жаңасына ауыстыруға сөзсіз негіз болып табылмайды, бірақ тексеруге жатады.

Қадағалау актісі бойынша хабарламалар кері қайтарылып, кінәлілер тәртіптік жауапқа тартылды.

Бұл 304 тұтынушының құқықтарын шектеуге жол бермейді.

 Ақмола облысының прокуратурасы.

spot_img
Сондай-ақ, оқыңыз...
- Advertisement -spot_img
Өзге де мақалалар
spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here