spot_img
spot_img
7.3 C
Kokshetau

Автожолдарды топан судан қорғау жұмыстары жүргізілуде

Ақмола облысында су тасқынын алдын алу бойынша жұмыстар атқарылуда. Қазіргі таңда Ақмола облысының Қосшы, Жібек Жолы және Атбасар елді мекендерінде «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ мамандары су еріген қар суларын алдын алу мақсатында жұмыстар жүргізді.

Аталмыш шараға 27 бірлік арнайы техника жұмылдырылды.

Одан бөлек, 2024 жылғы 2 сәуірде таңертең «Макинск-Ақсу-Торғай» тас жолының 24 шақырымында жол шетінде еріген қар суының тасқыны анықталды. Су тасқынның ұзындығы 15 метрді, ал биіктігі 5 см құрады.

«Қазіргі таңда су тасқынын алдын алу, жол белгілерін орнату және сигналды белгішелерді орнату бойынша жұмыстар атқарылуда. Қозғалысқа шектеу қойылмаған. Аталмыш жұмысқа 6 бірлік техникамен және 11 адам жұмылдырылды», – деп хабарлады «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» Ақмола облысы бойынша филиалында.

Айта кетейік, төрт облыстағы республикалық маңызы бар 4 автомобиль жолдарында (ұзындығы 216 км) қозғалысқа шектеу қойылды. Қазіргі таңда республикалық жолдарда 696 бірлік техника мен 1 618 адам жұмылдырылған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

spot_img