13.3 C
Kokshetau
Басты бетЖаңалықтарАқмола облысында 6 жасар қыз терезеден құлап кетті

Ақмола облысында 6 жасар қыз терезеден құлап кетті

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, жаз басталғалы балалардың терезеден құлау жағдайлары жиілеген. Осындай 5 жағдай тілкелсе, оның біреуінде бала көз жұмды.

Осы жылдың 7-ші маусымында Қосшы қаласында тағы бір оқиға тіркелді. Анықталғандай, 6 жасар қыз бала үйде ойнап жүріп, құлап кеткен. Қазіргі уақытта зардап шеккен қыз бала Астана қаласындағы ауруханаға жатқызылған. Сонымен бірге, осы оқиғаға байланысты тексеріс жүргізілуде, соның қорытындысы бойынша тиісті шара қабылданатын болады.

Осы ретте, тәртіп сақшылары ата-аналарға балаларды қараусыз қалдырмауға, әсіресе жоғарғы қабаттағы пәтерлердің терезесіне блокатор немесе қорғаныс торларын орнатуды сұрайды.

spot_img
- Жарнама -spot_img
Мәселе
- Жарнама -spot_img
Бүкіл мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз