14 C
Kokshetau
Жұма, Шілде 19, 2024

Ақмола облысында 300-ге жуық азамат тегін құқықтық кеңес алды

Бөлісу

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ақмола облысында «Халық заңгері» республикалық акциясы өтті.

Акция құқықтық сауаттылықты арттыруға және азаматтарға, әсіресе халықтың әлеуметтік осал топтарына тегін құқықтық көмек көрсетуге бағытталған.

Акция барысында өңір тұрғындары мен қонақтары 250-ден астам адвокаттардан, заң кеңесшілерінен, нотариустардан, сот орындаушыларынан және мемлекеттік органдардың басшыларынан тегін құқықтық көмек пен кеңес алды.

Тұрғындардан қылмыстық, азаматтық, әкімшілік заңнама, жер, еңбек және әлеуметтік қатынастар, ТКШ, құрылыс және басқа да мәселелер бойынша барлығы 300-ге жуық өтініш келіп түсті.

«Бүгін мен сұрағыммен білікті заңгерге жүгініп, қажетті көмек алдым. Менің ойымша, акция адамдар үшін өте пайдалы, себебі көптеген азаматтар кез-келген жағдайда қайда жүгіну керектігін білмейді, ал бұл жерде құқықтық сарапшылар мен мемлекеттік органдардың басшыларынан тегін көмек алу мүмкіндігі бар»,-деп Көкшетау тұрғыны өз әсерімен бөлісті.

Акция барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары Айдос Жақиялин атап өткендей, «Халық заңгері» жыл сайын табысты өткізіліп келеді және осы уақыт ішінде акция халық арасында өзінің сұранысын көрсетті. Өйткені, азаматтар кабинеттерде жүгірудің қажеті жоқ, консультацияларды бірден бірнеше маманнан алуға болады. Жалпы, акция заңдылықты сақтау, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу басымдыққа айналуы тиіс құқықтық демократиялық мемлекеттің дамуына жәрдемдесуге арналған.

Акция бір мезгілде еліміздің барлық ірі қалалары мен негізгі елді мекендерінде өтті. Ақмола өңірінде облыс орталығынан басқа, акцияға қалалар мен аудандар да қосылды. Ағымдағы жылы іс-шараны Әділет министрлігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен және ЖАО-мен бірлесіп «Параграф» АЖ және Zakon.kz желілік басылымының көмегімен ұйымдастырды

Толығырақ

Өзге де жаңалықтар