Воскресенье, 22 декабря, 2024
-8.8 C
Kokshetau

Аз сөйлеп, көп іс тындыру керек: Олжас Бектенов жаңа министрлерге қандай міндет жүктеді

ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов ұлттық экономика, қаржы, төтенше жағдайлар және денсаулық сақтау министрліктерінің жаңа басшыларын таныстырды, деп хабарлайды Kazinform.

Үкімет басшысы жаңадан тағайындалған Премьер-Министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаровқа ведомство алдында ауқымды және амбициялық міндеттер тұрғанын атап өтті.

«Ұлттық экономика министрлігін реформалар мен экономикалық серпіліске қол жеткізу бойынша алға қойылған міндеттерді жүзеге асырудағы негізгі күш деп айтуға болады. Бұған қажет барлық ресурстар бар деп ойлаймын. Ең бастысы, министрлікті формализмсіз, бюрократиясыз, қажетсіз жиындарсыз белсенді жұмыс істеуге бағыттағым келеді. Аз сөйлеп, көп іс тындыру керек», — деді Олжас Бектенов.

Мәди Такиевті Қаржы министрлігінің ұжымына таныстыру барысында Премьер-Министр ведомствоны мемлекеттік басқарудағы маңызды органдардың бірі екенін атап өтті.

«Сол себепті Мемлекет басшысы да, Премьер-Министр ретінде мен де Қаржы министрлігінің барлық бағыттар бойынша нақты, белсенді жұмыс атқаратынына сенеміз», — деді Олжас Бектенов.

Шыңғыс Әріновті Төтенше жағдайлар министрлігінің ұжымына таныстырып, Премьер-Министр ведомство жұмысының негізгі бағыттарын атап өтті.

«Жақында ғана Алматыда Мемлекет басшысы жер сілкінісінен кейін министрлікке нақты сын айтты. Төтенше жағдайлар министрлігінің алдында төтенше жағдайларға жедел әрекет ету және алдын алу жүйелерін жаңғырту бойынша өте маңызды міндеттер тұр. Президент қойған міндеттерді Шыңғыс Сайранұлы абыроймен орындайды деп ойлаймын», — деді Үкімет басшысы.

Олжас Бектенов Денсаулық сақтау министрлігінің ұжымына Ақмарал Әлназарованы таныстыру кезінде оның тәжірибесі мен жоғары кәсіби біліктілігін атап өтті.

Министрліктің алдында денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту және одан әрі оның тиімділігін арттыру міндеті тұр.

«Бұл – мемлекеттік саясаттың ең маңызды бағыты. Денсаулық сақтау жүйесін жаңа деңгейге көтеру үшін бәріміз бірігіп жұмыс істеуіміз керек. Біз бұған жан-жақты көмектесеміз», — деп түйіндеді Олжас Бектенов.

Премьер-Министр Үкіметтің жаңа құрамына енбеген барлық бұрынғы министрлерге атқарған жұмысы үшін алғыс айтты.

Hot this week

Талғардағы оқиға барша қазақстандықтарды алаңдатуда

Қазан айының басында  Алматының іргесіндегі Талғар қаласында  орын алған...

Ресей мен Украинаның арасында бейбіт келісім бола ма?

Украинадағы қанды қырғын соғыстың жүріп жатқанына үш жылдай уақыт...

Бөліп-жарып билеу тәсілі жалғаса бере ме?

Қазақ елі үш ғасырдан астам уақыт Ресейдің боданы болып...

Қазақстан үшін Ресей сенімді әріптес пе?

Күні кеше өткен Ресей президенті Путиннің Қазақстанға іссапарына қатысты...

Апостиль электрондық қызметін қалай жылдам алуға болады

Шетелге шығу кезінде Қазақстан Республикасының аумағында берілген құжаттар басқа мемлекеттің...

Topics

Ақмола облысында қызметтік автокөлікті қызметтік емес мақсатта пайдаланудың 21 фактісі анықталды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен...

Трамптың билікке келуі Ресейге тиімді ме?

АҚШ-тағы президент сайлауы барша әлем елдерінің назарында болды десек,...

Украина өз ядролық қаруын жасай ма?

Өткен аптада интернеттік ақпарат желілерінде талқыланған ең өзекті мәселе...
spot_img

Related Articles

Popular Categories

spot_imgspot_img