Басты бетЖаңалықтарҚорғалжын жастары экологиялық фестивальде табиғатқа үн қосты

Қорғалжын жастары экологиялық фестивальде табиғатқа үн қосты

Сондай-ақ, оқыңыз...

Қорғалжын ауданының жастары «Egindikol ECO FEST-2026» экологиялық фестиваліне қатысып, табиғатты қорғауға бағытталған ортақ бастамаларға үн қосты.

11 маусым күні Егіндікөл ауылында өткен шара аудан әкімінің құттықтау сөзімен басталып, қатысушылардың ағаш отырғызу акциясымен жалғасты. Жастар экологиялық мәдениетті насихаттауға бағытталған түрлі іс-шараларға белсенді араласты.

Бағдарлама барысында Бектемір Сүфі кесенесіне танымдық экскурсия ұйымдастырылып, қатысушылар өңірдің тарихи-рухани мұрасымен танысты.

Кешкі бөлімде Егіндікөл, Астрахан және Қорғалжын аудандары жастары арасында спорттық сайыстар өткізіліп, үздіктер марапатталды. Фестиваль ашық аспан астындағы жастар кешімен қорытындыланып, өңір жастары арасындағы ынтымақтастық пен экологиялық жауапкершілікті арттыруға серпін берді.

spot_imgspot_img
- Жарнама -spot_img
Мәселе
- Жарнама -spot_img
Бүкіл мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз