Қорғалжын ауданының жастары «Egindikol ECO FEST-2026» экологиялық фестиваліне қатысып, табиғатты қорғауға бағытталған ортақ бастамаларға үн қосты.

11 маусым күні Егіндікөл ауылында өткен шара аудан әкімінің құттықтау сөзімен басталып, қатысушылардың ағаш отырғызу акциясымен жалғасты. Жастар экологиялық мәдениетті насихаттауға бағытталған түрлі іс-шараларға белсенді араласты.
Бағдарлама барысында Бектемір Сүфі кесенесіне танымдық экскурсия ұйымдастырылып, қатысушылар өңірдің тарихи-рухани мұрасымен танысты.
Кешкі бөлімде Егіндікөл, Астрахан және Қорғалжын аудандары жастары арасында спорттық сайыстар өткізіліп, үздіктер марапатталды. Фестиваль ашық аспан астындағы жастар кешімен қорытындыланып, өңір жастары арасындағы ынтымақтастық пен экологиялық жауапкершілікті арттыруға серпін берді.







