Басты бетЖаңалықтарМемлекеттік рәміздер – елдіктің айшықты белгісі

Мемлекеттік рәміздер – елдіктің айшықты белгісі

Сондай-ақ, оқыңыз...

Көкшетау қаласында «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің акт залында «Мемлекеттік рәміздер – ел мақтанышы» атты мерекелік концерт өтті. Тағылымды шара «Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің Ақмола облыстық филиалының ұйымдастыруымен жүзеге асырылды.

Мерекелік жиында «Қоғамдық келісім» КММ басшысының міндетін атқарушы Айгүл Бейсембайқызы Нұрмағанова құттықтау сөз сөйлеп, мемлекеттік рәміздердің ел бірлігі мен тәуелсіздіктің айшықты нышаны екенін атап өтті.

Концерт барысында патриоттық рухтағы әндер шырқалып, өнерпаздар өз шеберліктерін паш етті. Шығармашылық ұжымдардың жарқын қойылымдары көрермен көңілінен шығып, кештің мазмұнын байыта түсті.

Шараның басты мақсаты – мемлекеттік рәміздерге деген құрметті арттыру, сондай-ақ жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастырып, елдік рухты нығайту болды.

spot_imgspot_img
- Жарнама -spot_img
Мәселе
- Жарнама -spot_img
Бүкіл мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз