Басты бетЖаңалықтарҚазақстанды таңғалдырған жеңіс: Ақмоланың «ақылды» жобасы Президент алдында топ жарды!

Қазақстанды таңғалдырған жеңіс: Ақмоланың «ақылды» жобасы Президент алдында топ жарды!

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ақмола облысында іске асырылып жатқан «Smart Aqmola» ақпараттық-аналитикалық жүйесі республикалық деңгейде мойындалды. Жоба «AI Governance Cup» байқауында «AI Өңір» номинациясы бойынша жеңімпаз деп танылды.

Марапаттау рәсімі Астанадағы alem.ai орталығында өтті. Іс-шараға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты.

Байқау биыл алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Оған ел бойынша 184 жоба ұсынылған. Үздік бастамаларды халықаралық деңгейдегі сарапшылар бағалады. Олардың қатарында жасанды интеллект саласындағы танымал мамандар Кай-Фу Ли және Питер Норвиг бар.

«Smart Aqmola» жүйесі өңірлік басқаруды цифрландыруға бағытталған. Жоба арқылы негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерге мониторинг жүргізіліп, тәуекелдерді ерте анықтау және Big Data негізінде шешім қабылдау мүмкіндігі қарастырылған.

Ауыл шаруашылығы саласында жүйе егіс алқаптарының жағдайын бақылауға, проблемалық аймақтарды анықтауға және алдын алу шараларын уақытылы қабылдауға көмектесіп отыр.

Сонымен қатар, жүйе деректерді бір цифрлық платформаға біріктіріп, мемлекеттік басқарудағы ашықтықты арттыруға бағытталған. Мамандар үшін мобильді қолжетімділік те қарастырылған.

«AI Өңір» номинациясындағы жеңіс Ақмола облысының цифрлық трансформация бағытындағы жобаларының тиімділігін көрсетіп отыр. Сарапшылар мұндай тәжірибенің өзге өңірлерге де енгізілуі мүмкін екенін айтады.

spot_imgspot_img
- Жарнама -spot_img
Мәселе
- Жарнама -spot_img
Бүкіл мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз