Басты бетЖаңалықтарЖаңа Конституция жобасы – ел дамуының берік негізі – Көкшетау мәслихатының төрағасы

Жаңа Конституция жобасы – ел дамуының берік негізі – Көкшетау мәслихатының төрағасы

Сондай-ақ, оқыңыз...

Көкшетау қалалық мәслихатының төрағасы Дастан Әкімов жаңа Конституция жобасына қатысты пікір білдіріп, құжат елдің ұзақ мерзімді дамуына бағытталған маңызды қадам екенін айтты.

Оның айтуынша, Қазақстан тарихындағы әрбір кезең мемлекет болашағын айқындайтын маңызды шешімдермен ерекшеленеді. Ал бүгін ұсынылып отырған жаңа Конституция жобасы саяси жүйені жетілдіруге және қоғам сұранысына жауап беретін басқару моделін қалыптастыруға бағытталған.

«Қазақстан үшін әр тарихи кезең елдің болашағын айқындайтын маңызды шешімдермен ерекшеленеді. Бүгінгі таңда ұсынылып отырған жаңа Конституция жобасы – мемлекетіміздің саяси жүйесін жетілдіруге, қоғамның сұранысына жауап беретін заманауи басқару моделін қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам», – деді Дастан Әкімов.

Ол Конституция кез келген мемлекеттің негізгі заңы ғана емес, сонымен қатар қоғам дамуының стратегиялық бағытын айқындайтын маңызды құжат екенін атап өтті.

«Конституция – мемлекеттің негізгі заңы ғана емес, сонымен бірге қоғам дамуының стратегиялық бағытын айқындайтын құжат. Сондықтан оған енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар халықтың мүддесін, елдің тұрақтылығы мен өркендеуін қамтамасыз етуге бағытталуы тиіс», – деді ол.

Әкімовтің пікірінше, жаңа Конституция жобасында билік тармақтарының теңгерімін күшейту, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін жетілдіру және мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру мәселелері қарастырылған.

«Жаңа Конституция жобасында билік тармақтарының теңгерімі мен жауапкершілігін күшейту, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін жетілдіру, мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру мәселелері қамтылған. Бұл мемлекеттің демократиялық қағидаттарға негізделген дамуын нығайтуға мүмкіндік береді», – деді мәслихат төрағасы.

Сондай-ақ ол жергілікті өзін-өзі басқару институттарын дамытуға ерекше мән беріліп отырғанын атап өтті.

«Жергілікті өзін-өзі басқару институттарын дамытуға ерекше мән беріліп отыр. Бұл өңірлердің әлеуетін тиімді пайдалануға және жергілікті қауымдастықтардың шешім қабылдау үдерісіне белсенді қатысуына жол ашады», – деді ол.

Оның айтуынша, конституциялық жаңғыру қоғамның саяси мәдениетін арттырып, азаматтардың мемлекет ісіне деген жауапкершілігін күшейтуге ықпал етеді.

«Ұсынылып отырған жаңа Конституция жобасын қолдау – еліміздің тұрақты дамуына, әділетті қоғам қалыптастыруға және келешек ұрпақтың жарқын болашағын қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам», – деді Дастан Әкімов.

spot_imgspot_img
- Жарнама -spot_img
Мәселе
- Жарнама -spot_img
Бүкіл мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз