-21.8 C
Kokshetau
Басты бетЖаңалықтарБөгет бұзылды, тікұшақ көтерілді: Ақмолада «КӨКТЕМ-2026» ауқымды оқу-жаттығуы өтті

Бөгет бұзылды, тікұшақ көтерілді: Ақмолада «КӨКТЕМ-2026» ауқымды оқу-жаттығуы өтті

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ақмола облысы аумағында көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындықты тексеруге арналған «КӨКТЕМ-2026» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті. Іс-шара Макинск қаласында ұйымдастырылды.

Оқу-жаттығу сценарийі бойынша бөгет шартты түрде бұзылып, су басу қаупі туындаған аймақта жедел әрекет ету алгоритмдері пысықталды. Мамандар тұрғындарды дер кезінде хабардар етіп, қауіпті аумақтан эвакуациялау жұмыстарын ұйымдастырды.

Сондай-ақ құтқару қызметтері электр беру желілері тіректерінің құлауы жағдайындағы әрекеттерді, бөгетті қаптармен нығайту жұмыстарын және мұз астына түсіп кеткен шартты балықшыны құтқару операциясын орындады.

Зардап шегушіні эвакуациялау үшін Қазавиақұтқару авиациясы жұмылдырылып, әуе арқылы құтқару жұмыстары жүргізілді.

Жалпы оқу-жаттығуға 200-ге жуық адам мен 51 бірлік арнайы техника қатысты.

Мамандардың айтуынша, мұндай жаттығулар төтенше жағдай қызметтерінің өзара іс-қимылын күшейтіп, көктемгі су тасқыны кезеңінде халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Құтқарушылардың үйлесімді жұмысы Ақмола облысы азаматтық қорғау қызметтерінің төтенше жағдайларға дайындық деңгейін көрсетті.

spot_imgspot_img
- Жарнама -spot_img
Мәселе
- Жарнама -spot_img
Бүкіл мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз