-15.9 C
Kokshetau
Басты бетЖаңалықтарҚасқыр мен шибөріге рұқсат: 2026 жылға лимит бекітілді

Қасқыр мен шибөріге рұқсат: 2026 жылға лимит бекітілді

Сондай-ақ, оқыңыз...

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігіне қарасты Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті 2026 жылға арналған қасқыр мен шибөріні аулаудың рұқсат етілген көлемі бойынша биологиялық негіздеме әзірленгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Esilnews.kz тілшісі.

Комитеттің хабарлауынша, 2026 жылдың 5 қаңтарынан бастап сағат 10:00-ден қасқыр мен шибөрі санын реттеуге арналған рұқсаттарды алу мүмкіндігі ашылады. Биологиялық негіздемеге сәйкес, жануарлар санын реттеу мерзімі 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін жалғасады.

Сонымен қатар, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар және Ұлытау облыстарында рұқсат тек үй жануарларына шабуыл жасалғаны дәлелденген жағдайда ғана берілетіні атап өтілді.

Жануарлар санын реттеуге рұқсат алу тәртібі ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №347 бұйрығымен бекітілген қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.

Ведомство өкілдері бұл шара жабайы жануарлар мен адам, сондай-ақ мал шаруашылығы арасындағы қақтығыстардың алдын алуға бағытталғанын атап өтті.

Бүгінгі таңда бұл қызмет толығымен автоматтандырылып, www.elicense.kz веб-порталында көрсетіледі.

spot_imgspot_img
- Жарнама -spot_img
Мәселе
- Жарнама -spot_img
Бүкіл мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз