13 желтоқсан күні Астана – Ерейментау – Шідерты автожолының 94–95 шақырым аралығында жеті көлік соқтығысты.
Қатты соқтығысу салдарынан бір жолаушы оқиға орнында көз жұмды, тағы екі адам әртүрлі жарақатпен медициналық мекемеге жеткізілді.
Қазіргі таңда полиция қызметкерлері тергеу жүргізіп, апаттың барлық себептерін анықтауда. Соның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.
Полиция жүргізушілерге жолда абай болуға, жылдамдықты сақтауға және көліктің техникалық жағдайын үнемі тексеруге шақырады.






