Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, Көкшетау қаласында 2016, 2017 және 2018 жылғы туған үш бала Қылшақты өзенінің жұқа мұзы үстінде ойнап жүріп суға құлап кетті. Оқиғаны көрген адам балаларды дереу құтқарып, жедел жәрдем бригадасына тапсырды.
Жедел медициналық көмек көрсетілген балалар орташа дәрежедегі гипотермия белгілерімен көпсалалы облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Қажетті тексеру мен емнен кейін олар амбулаторлық ем алу үшін үйлеріне жіберілді.
Қазіргі уақытта ТЖД балаларды құтқарған азаматты іздестіріп, мемлекеттік марапатқа ұсынуды жоспарлап отыр.
Соңғы төрт күнде жұқа мұзға шыққаны үшін облыста 35 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бір адамға қауіпсіз мұз қалыңдығы кемінде 10 см, топпен жүру үшін – 20 см болуы тиіс.






