-3.8 C
Kokshetau
Басты бетЖаңалықтарКөкшетауда алғашқы қармен бірге асфальт төселді. Оның сапасы қандай болмақ?...

Көкшетауда алғашқы қармен бірге асфальт төселді. Оның сапасы қандай болмақ?…

Сондай-ақ, оқыңыз...

«Көк шалғынның» жалғасы Сабатаев көшесіндегі жол жөндеу жұмыстары қыс жақындағанда қыза түсті. Бұл туралы @sinegor.kz жазды. Жартылай қар, жартылай саз-батпақтың үстіне асфальт төсеу жұмыстары желі қолданушылардың ашу-ызасын туғызды.

«Қар жауған соң жолды жөндеп жатыр — асфальт барлық стандартқа қайшы төселуде. Көктемде қармен бірге еріп кетпесе болғаны…», — дейді қала тұрғындары.

Осы тұста орыс сатиригі Евгений Петросянның ащы қалжыңы еріксіз еске түседі:
«Егер қар жауып жатса – демек, жақында асфальт төсейді. Ал егер асфальт төсеп қойса – онда көп ұзамай құбырларды жөндей бастайды».

Көкшетау әкімдігі дәл осы әзілді ұран етіп алғандай. Қар мен лайдың үстіне төселген асфальттың сапасы қандай болатыны айтпаса да түсінікті. Мамандар мұндай жол жабыны көпке бармайтынын айтады.

Алайда, бүгін салғанды ертең жөндеуді әдетке айналдырған қала билігі ешнәрседен қаймықпайтын секілді. Ең бастысы — жоспар орындалып, есеп жабылса болғаны. Ал ертең оның сапасы қандай болмақ?…

spot_imgspot_img
- Жарнама -spot_img
Мәселе
- Жарнама -spot_img
Бүкіл мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз