-2.8 C
Kokshetau
Басты бетЖаңалықтарБурабай ауданындағы 15 жастағы қызға қатысты іс тергеу басқармасына берілді

Бурабай ауданындағы 15 жастағы қызға қатысты іс тергеу басқармасына берілді

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ақмола облысында 15 жастағы қызға зорлық жасалды деген күдікпен қозғалған қылмыстық іс облыстық полиция департаментінің Тергеу басқармасына берілді.

Esilnews.kz тілшісінің сауалы бойынша облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі ресми түсінік берді.

Ведомствоның мәліметінше, бұған дейін Бурабай аудандық полиция бөлімі кәмелетке толмаған қыздың әкесінің арызы негізінде сотқа дейінгі тергеуді бастаған. Тергеу барысында қажетті тергеу әрекеттерінің кешені жүргізілген.

«Қосымша тергеу және жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Бурабай аудандық полиция бөлімі қабылдаған процессуалдық шешімдердің объективтілігі тексеріледі», – делінген департаменттің хабарламасында.

Полиция өкілдері істің фигуранттары құқық қорғау органдарына қатысы жоқ екенін атап өтті.

Қазір іс облыстық полиция департаменті басшылығының бақылауында. Соңғы процессуалдық шешімдер прокуратурамен келісілгеннен кейін қабылданады.

Сонымен бірге, бұл оқиға қоғамда үлкен резонанс туғызды. @nemolchikz_official парақшасында жарияланған жазбада екі ер адамның жасөспірім қызбен жыныстық қатынасқа түскені және олардың бірі бұрын полиция қызметінде болғаны айтылған. Бұл жазба әлеуметтік желілерде қызу талқыланып, қоғамдық наразылық тудырды.

Сондай-ақ, Esilnews.kz желілік басылымында осы жағдай бойынша «Бурабайдағы атышулы іс: Кәмелетке толмаған қызға зорлық көрсеткен күдіктілер жазадан құтылып бара ма?» атты мақала жарияланды.

Полиция департаменті тұрғындарды расталмаған ақпарат таратпауға шақырып, мұндай әрекет үшін әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.

spot_imgspot_img
- Жарнама -spot_img
Мәселе
- Жарнама -spot_img
Бүкіл мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз