2002 жылы 4 қазанда Ақкөл қаласында жасалған қылмыстың беті заманауи ДНҚ сараптамасының арқасында ашылды.
Құрбан — 1973 жылғы жергілікті тұрғын. Ол кешкі уақытта бейтаныс адаммен жолығып, сол күйі үйіне оралмаған. Келесі күні оның денесі стадион жанындағы қоғамдық дәретханадан табылған.
Сол кезде күдіктіден алынған биоматериал күтіп сақталғанымен, технология жетіспегендіктен нақты сәйкестік табылмаған. Тек 23 жылдан кейін молекулалық-генетикалық зерттеу күдіктінің ізіне түсіп, нәтижесінде 60 жастағы Ақкөл тұрғыны ұсталды.
Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалды, тергеу жалғасуда.
Полиция: «Бұл қылмыстың ашылуы ешбір қатыгез әрекет жазасыз қалмайтынының дәлелі» деп отыр.