-3.7 C
Kokshetau
Басты бетЖаңалықтарАқмолада 40 мыңнан астам оқушы мен студент қауіпсіздік сабағына қатысты

Ақмолада 40 мыңнан астам оқушы мен студент қауіпсіздік сабағына қатысты

Сондай-ақ, оқыңыз...

26 қыркүйекте Көкшетауда интерактивті қауіпсіздік сабағы өтті. Шараны Ақмола облысы бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі Полиция департаментімен, жергілікті билік пен білім басқармасымен бірлесіп ұйымдастырды, деп хабарлайды Esilnews.kz тілшісі.

Цифрлық технологиялардың көмегімен облыстың 518 мектебі мен 28 колледжі онлайн қосылды. Нәтижесінде шамамен 40 мың оқушы мен студент қамтылды. Ауылдық және шалғайдағы мектептердің де қосылуға мүмкіндігі болды.

Сабақ барысында жастар буллинг, интернет-алаяқтық, дропперлік, тұрмыстағы қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелері, қаржы пирамидаларының қаупі және киберқауіпсіздік туралы сұрақтарына жауап алды.

Полиция өкілдері жасөспірімдер арасындағы қылмыс фактілерін нақты мысалдармен келтіріп, олардың әрқайсысы болашақ мансапқа кедергі болуы мүмкін екенін ескертті.

«Өз құқығыңды білу – қорғаныс, ал міндеттеріңді түсіну – жауапкершілік. Әр құқық бұзушылықтың салдары бар», – деді Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі Гүлнар Джанбекова.

Сонымен қатар синтетикалық есірткілердің қауіптілігі, дәріхана нашақорлығы және заң алдындағы жауапкершілік те жеке тақырып ретінде қаралды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, интерактивті форматтағы осындай құқықтық сабақтар тоқсан сайын өткізіліп тұрмақ.

Жастарға заңды ерте үйрету – болашақтағы қателіктердің алдын алу.

spot_imgspot_img
- Жарнама -spot_img
Мәселе
- Жарнама -spot_img
Бүкіл мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз