2025 жылдың 27 шілдесінде Зеренді орталық аудандық ауруханасына қызметтік міндетін атқару кезінде жарақат алған 56 жастағы жергілікті тұрғын жеткізілді.
Ақмола облысы ПД алдын ала мәліметі бойынша, ер адам жергілікті кәсіпорындардың бірінде электрик болып жұмыс істейді.
Жөндеу жұмыстары кезінде бетон электр бағанында тоқ соққан.
“Аталған факт бойынша полиция бөлімімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Сараптама тағайындалды. Мемлекеттік еңбек инспекторы тарапынан тексеру жүргізілуде”, — деді ведомстводан.