10.2 C
Kokshetau
Четверг, 3 октября, 2024
10.2 C
Kokshetau
Жаңалықтар11 сотталушыға қатысты үкім жарияланды

11 сотталушыға қатысты үкім жарияланды

Бөлісу

Сондай-ақ, оқыңыз...

Сот үкімімен қорқытып алу, бұзақылық жасау және жәбірленуші «Б.»-ні өзін-өзі өлтіруіне жеткізгені үшін Бурабай ауданының 11 тұрғыны кінәлі деп танылды.
Бурабай ауданында сотталушылар ұзақ уақыт бойы (2 жыл ішінде) күш қолданумен қорқытып, 12 адамнан 130-500 мың теңгеге дейін (жалпы сома 1 140 000 теңге) ақша бопсалаған. Сонымен қатар, екі сотталушы «Н.» және «А.» жәбірленуші «Б.»-ні өзін-өзі өлтіруіне жеткізген.

Жасалған әрекеттеріне байланысты, сот жеті сотталушыны 4 жылдан 5 жылға дейін мерзімге бас бостандығынан айырып, үшеуіне 4 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығын шектеді. Кәмелетке толмаған «Ш.» жәбірленушілермен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылды.

Жаза тағайындауда сот «Н.», «К.» және «Т.»-да жас баланың болуын жеңілдететін жағдай ретінде, «Р.» кінәсін мойындауын және шын жүректен өкінгенін және «К», «СА», «Т»-да бұрын соттылығының болмағанын ескерді. Сотталушыларда ауырлататын мән-жайлар анықталмады.

Сотталғандардан жәбірленушілердің пайдасына жалпы сомасы 3 млн. теңгеге моральдық зиян және жалпы сомасы 1 140 000 теңгеге келтірілген материалдық залал өндірілді.

Сонымен қатар, сот басты сот талқылауы барысында тәртіпті бұзғаны үшін полиция департаментінің атына және аудан әкімінің атына жастарды жұмыспен қамту бөлігінде жұмысты күшейтуге назар аудара отырып, жекеше қаулылар шығарды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Ақмола облысы Бурабай аудандық соты.

Барлық материалдар ESILNEWS.KZ желілік басылымының және «ESIL-MEDIA» ЖК, сондай - ақ, оның лицензиарларының меншігі. Сайт материалдарын коммерциялық мақсатта толық немесе ішінара көшіруге тек сайт иесінің жазбаша рұқсатымен ғана рұқсат етіледі.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы мақала

Өзге де жаңалықтар