Басты бетЖаңалықтар«Оқжетпесте» үлкен бетбұрыс: клубтың жаңа дәуірі басталды

«Оқжетпесте» үлкен бетбұрыс: клубтың жаңа дәуірі басталды

Сондай-ақ, оқыңыз...

21 сәуір күні «Көкше-Аренада» «Оқжетпес» футбол клубының жаңа директоры ресми түрде таныстырылды.

Клуб директоры қызметіне Ербол Қыдырбекұлы Қайыров тағайындалды — ол Ақмола облысының тумасы, отандық футбол саласында тәжірибесі бар маман. Екі жоғары білімі бар, AlmaU университетінде білім алып, УЕФА желісі бойынша даярлықтан өткен.

Бұған дейін Қазақстан футбол федерациясында басшылық қызметтер атқарып, Премьер-лигада жұмыс істеген.

Кездесу барысында негізгі міндеттер айқындалды: клубты ашық әрі тиімді басқару, маркетинг пен жанкүйерлермен жұмысты күшейту, сондай-ақ балалар-жасөспірімдер футболын жүйелі дамыту арқылы өз тәрбиеленушілерін даярлау.

Клубты дамыту Ақмола облысының бизнес қауымдастығының қолдауымен жүзеге асырылады.

spot_imgspot_img
- Жарнама -spot_img
Мәселе
- Жарнама -spot_img
Бүкіл мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз